«Үйде жатпа» күнтізбесі. 2 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 августа, 2023


🫡2 тамыз Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украинада әуе-десанттық әскерлер күні аталып өтеді. Қазіргі таңда Қазақстанда десанттық әскерлер жоқ. Алайда елімізде 2000 жылы 6 шілдеде құрылған әуе шабуылы әскерлері бар. Сондықтан десантшыларымыз осы мерекені дәстүрлі түрде тойлайды.

 

Егер таныс десантшыларыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

🫣Бүгін — әлемге әйгілі “Veni, vidi, vici” (“Келдім, көрдім, жеңдім”) ұғымының пайда болған күні. Біздің дәуірімзге дейін 47 жылы атақты Рим қолбасшысы Гай Юлий Цезарь Боспор патшасы Фарнакс II-ні жеңген кезде Рим Сенатына осы қысқаша хабарламаны жіберді. Бұл ұғым қазіргі таңда әлемде жетістікке қол жеткізгенде немесе қандай да бір істі сәтті аяқтау кезінде жиі қолданылады.

🏅1992 жылы 2 тамызда белорус гимнастшысы Виталий Щербо бір күнде Олимпиадада 4 алтын меаль жеңіп, спорт тарихында теңдесі жоқ жетістікке қол жеткізді. Айта кетейік, Барселонада өткен Олимпиада ойынында ол жалпы 6 алтын медаль жеңіп алып, әлемдегі жыл спортшысы атанды. Сондай-ақ 12 дүркін әлем чемпионы, 10 дүркін Еуропа чемпионы, екі дүркін әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол спорттық мансабын 25 жасында аяқтады. Себебі спортшы мотоциклден құлап, қол жарақатын алған болатын.

 

Қазақстандық спортшыларға Виталийдің жетістігін басып озуды тілейміз!

🫂2 тамыз — екі шығармашылық тұлғаның туған күні. 69 жыл бұрын қазақ эстрада әрі халық әншісі Мәдина Ералиева (1954-2000) дүниеге келді. Өнер иесіне халық әндерін орындағаны үшін Қазақстанның халық әртісі атағы берілді. Ол 2000 жылы жол апатынан қайтыс болды. Қызылордада әншінің есімі берілген мәдениет сарайы мен мұражай бар. Сондай-ақ бүгін австралиялық актер Сэм Уортингтон 47 жасқа толды. Мансап жолында ол көптеген танымал фильмдерде ойнады. Соның ішінде «Аватар» фильміндегі Джейк Салли ролін ерекше атап айтуға болады.