«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 февраля, 2024


😀 20 ақпан Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік әлеуметтік әділет күні аталып өтеді. Әлеуметтік әділет ел ішінде әрі елдер арасында бейбіт өмір сүрудің негізгі қағидасына бағытталады. Ол кедейлікті, теңсіздікті және әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету арқылы қоғам мен экономиканың сапасына ден қоюға көмектеседі. Бұл күн адамдардың жынысына, жасына, нәсіліне, этникалық тегіне, дініне, мәдениетіне немесе мүгедектігіне байланысты кездесетін кедергілерді жою арқылы әділдік қағидаларын сақтауды еске салады.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

🥰 2017 жылы 20 ақпанда “Қазақ елі” мультфильмі Каирде өткен халықаралық анимациялық фильмдер форумында бірден үш жүлдеге ие болды. 2D және 3D анимациясын қолдану арқылы түсірілген фильмде Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен хан болу жолы баяндалады. Сол жылы форумға әртүрлі елдің, соның ішінде Германия, АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және т.б. 90-нан астам қысқа және толық метражды мультфильмдер ұсынылды.

Мультфильмді әлі көрмесеңіз, YOUTUBE желісінен тамашалай аласыз.

😋 Бүгін тәтті әуесқойлары қытырлақ қораз кәмпит күнін тойлайды. Пішіні шырша, балық немесе үй тәрізді болып келетін күйдірілген қанттан жасалған кәмпиттер 15 ғасырда пайда болды. Оның дәмі ерекше. Сонымен қатар емдік қасиеті де бар. Нақтырақ айтсақ, күйдірілген қант суық тию мен жөтелге көмектеседі. Бұл күн балалық шаққа саяхат жасап, бақытты естеліктерді еске түсіруге мүмкіндік береді. 

Қораз кәмпитті сағынып жүргендер бар ма?🤔

👥20 ақпан дүниеге келген танымал тұлғалар. 125 жыл бұрын қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері — Ораз Жандосов (1899-1938) дүниеге келді. Ол қазақ тілінде әдебиеттің болмауына қарамастан, қазақ балаларын сауаттылыққа баулу жолында қолдан келгеннің бәрін жасады. Сонымен қатар алғашқы ауыл мектептерін ұйымдастырып, студенттік мәдени-ағарту үйірмелерін құрды. Оның бастамасымен 1919 жылы тұңғыш ақындар жиыны өтіп, оған Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаевтар қатысты. Алайда қоғам қайраткері Кеңес үкіметіне қарсы органдарға қатысы бар деген айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді.

Сондай-ақ бүгін барбадос әншісі, актриса, продюсер және дизайнер Рианна 35 жасқа толды. Ол Billboard тарихында он төрт мәрте бірінші орынға шыққан ең жас әнші. Өнер иесінің туындылары қай уақытта болмасын жоғары сатылым әкелді. 2021 жылы Барбадос британдық тәжден алынған кезде, Рианна ұлттық қаһарман атанды.

 

Сіздің қалаңызда Ораз Жандосовтың есімімен аталған қандай ғимараттар мен орындар бар?