«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 Ақпан, 2023


☑️ 20 ақпан Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен – Дүниежүзілік әлеуметтік әділет күні аталып өтеді. Әлеуметтік әділет – елдер ішінде әрі елдер арасында бейбіт өмір сүрудің негізгі қағидасы. Ол кедейлікті, теңсіздікті және әлеуметтік шиеленісті азайту арқылы қоғамдар мен экономикалардың жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл күн адамдардың жынысына, жасына, нәсіліне, этникалық тегіне, дініне, мәдениетіне немесе мүгедектігіне байланысты кездесетін кедергілерді жою арқылы әділдік қағидаларын сақтауды еске салады.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

☑️ 6 жыл бұрын «Қазақ елі» мультфильмі Каирде өткен халықаралық анимациялық фильмдер форумынан үш жүлде жеңіп алған болатын. 2D және 3D анимациясын қолдану арқылы түсірілген фильм болашақ хандар Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен өскен шағы туралы баяндады. Сол жылы форумға әртүрлі елдерден, соның ішінде Германия, АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және т.б. 90-нан астам қысқа және толық метражды мультфильмдер ұсынылды.

Бұл мультфильмді әлі көрмесеңіз, YOUTUBE желісінен тамашалай аласыз.

☑️ Бүгін тәтті әуесқойлары – қытырлақ қораз кәмпит күнін тойлайды. Пішіні шырша, балық немесе үй тәрізді болып келетін күйдірілген қанттан жасалған кәмпиттер 15 ғасырда пайда болды. Оның дәмі ерекше болып келуімен қатар, емдік қасиеті де бар. Нақтырақ айтсақ, күйдірілген қант суық тию мен жөтелге көмектесті. Бұл күн балалық шаққа саяхат жасап, бақытты естеліктерді еске алу мерекесі есебінде жүреді.

Қораз кәмпитті сағынып жүргендер бар ма?🤔

☑️20 ақпан дүниеге келген танымал тұлғалар. 124 жыл бұрын қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері – Ораз ЖАНДОСОВ (1899-1938) дүниеге келді. Ол қазақ тілінде әдебиет мүлдем жоқ жағдайда қазақ балаларын сауаттылыққа баулу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Сонымен қатар алғашқы ауыл мектептерін ұйымдастырып, студенттік мәдени-ағарту үйірмелерін құрды. Оның бастамасымен 1919 жылы тұңғыш ақындар жиыны өтіп, оған Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаевтар қатысты. Алайда қоғам қайраткері Кеңес үкіметіне қарсы органдарға қатысы бар деген айыппен тұтқындалып, атылды.

Сонымен қатар бүгін барбадос әншісі, актриса, продюсер және дизайнер – Рианна 35 жасқа толды. Ол Billboard тарихындағы ең жас әйел суретші. Оның туындылары барлық уақытта жоғары сатылым әкелді. 2021 жылы Барбадос британдық тәжден кеткенде, Рианна ұлттық қаһарман деп жарияланды.

 

Сіздің қалаңызда Ораз Жандосовтың есімімен аталған қандай ғимараттар бар?