🫣 Бүгін Әзірбайжанда жалпыхалықтық аза тұту күні. 1990 жылы 20 қаңтарда КСРО-ның басқа аймақтарынан келген 20 мыңға жуық кеңес жауынгері Әзірбайжан Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз Баку қаласына басып кірді. Негізсіз әрі шектен тыс күш қолдану салдарынан 131 бейбіт тұрғын қаза тауып, 744 адам жарақат алды. Бұл күн Әзірбайжан тарихына “Қаралы қаңтар” деген атпен енді. Осыған ұқсас оқиғалар бұған дейін Алматыда (1986), Минскіде (1988), Тбилисиде (1989), кейін Душанбеде (1990), Вильнюс пен Ригада (1991) орын алып, қарапайым азаматтар да құрбан болған еді.
😱 20 қаңтар гурмандар дүниежүзілік ірімшік күнін атап өтеді. Бұл өнімнің тарихы ежелгі дәуірден басталады. Мәселен, кейбір зерттеушілер аталмыш өнім біздің дәуірімізге дейінгі 8000 жыл бұрын пайда болғанын айтады. Көптеген елде ұлттық тағам ретінде саналатын ірімшіктің өзіндік жасалу жолы бар. Деректерге сүйенсек, қазіргі таңда ірімшіктің 800-ден 2000-ға дейін түрі кездеседі. Сонымен қатар ірімшікті ұнататындардан бөлек, ірімшік жапсырмасын жинайтындар да бар екен. Хоббидің бұл түрін ғылыми түрде “фронология” деп атайды.
Сіз ірімшіктің қай түрін ұнатасыз?
🤭Бүгін ғажайып кездейсоқ күні аталып өтеді. Әр адамның өмірінде ғылым түсіндіре алмайтын түрлі оқиға орын алып жатады. Сондықтан оны көбіне кездейсоқ жағдай деп атаймыз. Мысалы, сіз ескі досыңыз туралы ойладыңыз, ал бір минуттан кейін ол сізге қоңырау шалады. Немесе ақшаны қайдан аламын деп ойлағаныңыз сол еді, кенеттен біреу қарызыңызды қайтарады. Көптеген сәйкестіктердің табиғаты математика, статистика, қоғамның өмір сүру заңдылықтары тұрғысынан түсініксіз. Жазатайым оқиғаларды болжау түйсікпен, көріпкелдікпен және адам психикасының басқа да қабілеттерімен түсіндіріледі. Оның алдында тағдырдың белгілері де бар.
Ал сіздің өміріңізде түсініксіз кездейсоқ жағдайлар болды ма?
👌 20 қаңтар кейбір мемлекеттер таза ауада серуендеу күнін атап өтеді. Бұл күннің мақсаты — таза ауада серуендеп, аязды күннің өзіндік рахатын сезіну. Мұндай серуен көңіл күйді жақсартуға көмектеседі. Өйткені серуен кезінде серотонин (жақсы көңіл күй гормоны) және дофамин (рахаттану) гормоны бөлінеді. Таза ауада серуендеу күйзеліс пен шаршауды басып қана қоймай, зейіннің, есте сақтаудың және ми белсенділігінің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Сондай-ақ тәбетті жақсартып, ұйқыны қалыпқа келтіреді.
Сіз таза ауада серуендегенді ұнатасыз ба?