«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 Қаңтар, 2023


☑️ Бүгін – Әзірбайжанда жалпыхалықтық аза тұту күні. 1990 жылы 20 қаңтарда КСРО-ның басқа аймақтарынан келген 20 мыңға жуық кеңес жауынгерлері Әзірбайжан Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз Баку қаласына басып кірді. Операцияның кодтық атауы «Ереуіл» болды және оның міндеті елдегі коммунистік партияның билігін сақтау болды. Әскерлердің енгізілуі және төтенше жағдайдың жариялануы – Әзербайжан халқының назарына операция басталғаннан кейін 7 сағат өткен соң ғана жеткізілді. Тоқтаусыз әрекет етіп, негізсіз және шектен тыс күш қолдану салдарынан 131 бейбіт тұрғын қаза тауып, 744 адам жарақат алды. Бұл күн Әзірбайжан тарихына «Қара қаңтар» деген атпен енді. Осыған ұқсас оқиғалар бұрын Алматыда (1986), Минскіде (1988), Тбилисиде (1989), кейін Душанбеде (1990), Вильнюс пен Ригада (1991) орын алып, қарапайым азаматтар да құрбан болды.

☑️ 20 қаңтар – гурмандар Дүниежүзілік ірімшік әуесқойлары күнін атап өтеді. Бұл өнімнің тарихы ежелгі дәуірден басталады. Мәселен, кейбір зерттеушілер біздің дәуірімізге дейінгі 8000 жыл бұрын пайда болғанын айтады. Көптеген елде ұлттық тағам ретінде саналатын ірімшіктің өзіндік жасалу жолы болады. Деректерге сүйенсек, қазіргі таңда ірімшіктің 800-ден 2000-ға дейін түрі бар. Ірімшікті ұнататындардан бөлек, ірімшік жапсырмасын жинайтындар да кездеседі. Хоббидің бұл түрін ғылыми түрде – фронология деп атайды.

 

Сіз ірімшіктің қай түрін ұнатасыз?

☑️Бүгін – ғажайып кездейсоқтық күні аталып өтеді. Әр адамның өмірінде ғылым түсіндіре алмайтын түрлі оқиға болып жатады. Сондықтан оларды кездейсоқтық деп атаймыз. Мысалы, сіз ескі досыңыз туралы ойладыңыз, ал бір минуттан кейін ол сізге қоңырау шалды. Немесе ақшаны қайдан аламын деп ойлағаныңыз сол еді, кенеттен біреу қарызыңызды қайтарды. Көптеген сәйкестіктердің табиғаты математика, статистика, қоғамның өмір сүру заңдылықтары тұрғысынан түсініксіз. Жазатайым оқиғаларды болжау түйсікпен, көріпкелдікпен және адам психикасының басқа да қабілеттерімен түсіндіріледі. Олардың алдында тағдырдың белгілері бар.

Ал сіздің өміріңізде түсініксіз кездейсоқтықтар болды ма?

☑️ 20 қаңтар кейбір елде ерекше мереке – Таза ауада серуендеу күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – таза ауада серуендеп, аязды күннің өзіндік рахатын сезіну. Мұндай серуендер көңіл күйіңізді жақсартуға көмектеседі. Өйткені серуен кезінде серотонин (жақсы көңіл-күй гормоны) және дофамин (рахаттану) гормоны бөлінеді. Таза ауада серуендеу стресс пен шаршауды жеңілдетіп қана қоймай, зейіннің, есте сақтаудың және ми белсенділігінің жақсы стимуляторына айналады. Сондай-ақ тәбетті жақсартады және ұйқыны қалыпқа келтіреді.

Сіз таза ауада серуендегенді ұнатасыз ба?