«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 Қараша, 2023


👨‍👩‍👧‍👦20 қарашада БҰҰ бастамасымен дүниежүзілік балалар күні аталып өтеді. Бұл күні 1959 жылы Бала құқықтары туралы декларация, ал 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды. Балалар мен жасөспірімдер – кез келген қоғамның ең осал мүшелері. Өкінішке қарай, қазіргі таңда әлемде олардың мүдделері мен құқықтары жиі бұзылады. БҰҰ мәліметі бойынша, жыл сайын 11 миллион бала бес жасқа толмай қайтыс болады. Тағы ондаған миллион адам физикалық және психикалық жағынан ауруға ұшырап, өсу, өмір сүру және даму мүмкіндігінен айырылады. Сондықтан бүгін балалар денсаулығын қадағалайтын педиатр мамандырының да күні аталып өтеді.

 

Бүгін балаларыңызды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

⭐️2009 жылдың 20 қазанында Қазақстанда алғашқы “Астана – Бурабай” тас жолы ашылды. Автобан ұзындығы 224 шақырымды құрайды.  Қазақстандағы бірінші жедел жолдың құрылысы жоғары техникалық санатта жүргізілді. Нысанға 1400 техника мен 3500-ден астам адам тартылса, оның 500-і шетелдік мамандар болды. А-1 тас жолы алты жолақты. Оның жылдамдығы сағатына 140 шақырымды құрайды. Жол арқылы күніне 7 мыңға жуық көлік өтеді. 

 

Қазақстанда автобандар тағы қайда салынды?

👩‍💻Бүгін Microsoft Windows жүйесінің пайда болған күні. 1985 жылы 20 қарашада Билл Гейтс Windows 1.01 операциялық жүйесін ұсынды. Microsoft бұл жүйені жоғары деңгейге көтере алды. Қазір ол әлемдегі компьютерлердің 80% – ында орнатылған. Көптеген адам оған шағымданғанымен, онымен жұмыс істеулерін тоқтатпады. Алайда оның орнына басқа да жүйелерді іздейді. Бірақ бәрібір Windows жүйесінде қалды. Ал Билл Гейтс содан бері әлемдегі ең бай және ең ықпалды адамдардың біріне айналды. 

 

Сіздің компьютеріңізде Microsoft Windows-тың қай нұсқасы орнатылған?


👥20 қараша өмірге келген танымал қазақстандықтар. Бүгін әнші әрі актриса Дильназ Ахмадиева 43 жасқа толды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Ағашки по вызову 2: Начало» комедиясында және  «Көшпенділер» тарихи фильмінде ойнады. Қала берді «Алтын диск» қазақ ән фестивалінің, «7 нота» журналының ұлттық сыйлығының және Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты. Сондай – ақ бүгін бокста өз биігін қалыптастырған чемпион Жанқош Тұраров 33 жасын атап өтеді. Осы жылдың көктемінде Алматыда ол мексикалық боксшыны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Кәсіби рингте боксшы 27 жекпе-жек өткізіп, 20 рет қарсыластарын нокаутқа жіберген.

 

Жанкошқа мансаптық жолында чемпиондық белбеулерінің көп болуын тілейміз!