🐝20 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік ара күні аталып өтеді. Бұл кішкентай жәндіктер – жер бетіндегі тіршіліктің ажырамас бөлігі. Олар әлемдегі азық-түліктің 90 пайызын өндіретін өсімдіктердің 75 пайызына тікелей әсер ететін негізгі тозаңдандырушылар. Аталмыш күннің басты мақсаты – адамзат үшін аралардың маңызын түсіндіру, олардың жойылып кетуінің алдын алып, мемлекеттерді тозаңдандырушы жәндіктерді қорғауға үндеу. Қазақстанда 2002 жылы осы қызметті реттеп, араларды қорғауды жүзеге асыратын “Омарта шаруашылығы туралы” заң қабылданды.
Сізге балдың қай түрі ұнайды?
🏥20 мамыр — Халықаралық травматологтар күні. Күнделікті өмірдегі бейқамдық, асығыстық пен түрлі жазатайым оқиғалар салдарынан адамдар әр минут сайын жарақат алып жатады. Сынық, буын шығу, бұлшықет пен сіңірдің созылуы сияқты жағдайларда көмекке келетін – травматология саласы. Бұл ғылымның негізі ежелгі замандарда қаланған. Гиппократтың “Сынықтар туралы” және “Буындар туралы” еңбектері бүгінге дейін травматологияда маңызын жоғалтқан жоқ.
Әрдайым сақ болыңыз және ауырмаңыз!
🐕🦺20 мамырда кинологтар халықаралық мопс күнін атап өтеді. Мыжылған тұмсығы мен сақинаға ұқсас құйрығы бар сүйкімді иттер әлем халқының жүрегін жаулап, сүйікті жануарына айналды. Олар “Қара киімді адамдар” фильмі шыққаннан кейін ерекше танымалдыққа ие болды. Мопс — ежелгі қытай тұқымдасы. Оларды ақсүйек адамдар асыраған. Иттің маңдайдағы әжімі иероглифтерге ұқсайды және бұл империялық белгі деп аталды.
Сізге иттердің қай тұқымы ұнайды?
🕺Бүгін джинсыдың пайда болғанына 152 жыл толды. 1873 жылы 20 мамырда Levi Strauss & Co патент алып, заманауи джинсылардың прототиптерін шығара бастады. Бұл шалбар Gold Rush шыңында пайда болды. Нақтырақ айтсақ, ағылшын кенепінен тігіп, алтын өндірушілерге сатылды. Олар жоғары сұранысқа ие болды. Өйткені шалбардың құны 1,46 долларды құрады. Ол жууға ыңғайлы әрі былғары шалбар сияқты берік болды. 1960 жылға дейін джинсы ерлер киімі болып есептелді. Бұл қағиданы алғаш рет Голливуд актрисасы Мэрилин Монро бұзып, 1970 жылдан бастап әйелдер мен ерлерге ортақ киім түрі ретінде қолданысқа енді.
Ал сізде неше джинсы бар?