«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 марта, 2023


🌍 Бүгін — Халықаралық Жер күні. Соғыстар мен  адамдардың антропогендік әсерлері топырақ, ауа, суды зиянды әрі  радиоактивті заттармен ластап, тіршілік иелерінің денсаулығы мен әл-ауқатына кері әсерін тигізуде. Бұл күннің мақсаты – көпшілікті ортақ үйіміз болып саналатын жер бетіне назарын аударту. Сонымен қатар халықты табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға шақыру. Мереке арнайы осы күнге белгіленді. Себебі 20 наурыз күн мен түннің теңеліп, тіршілік иелері оянып, дамудың жаңа кезеңі басталады.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба

📣2019 жылдың 20 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл қызметке ол бір күн бұрын отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына келді. Ал Тоқаев осы уақытта Парламент Сенатының төрағасы болды.  Осылайша конституцияға сәйкес, ол Назарбаевтың отставкаға кетуіне байланысты президенттік қызметке отырды. 3 айдан соң Мемлекет басшысын сайлау кезінде Тоқаев жеңіске жетті. Өткен жылы ол 7 жылдық мерзімге қайта сайланды. 

☀️Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен — Халықаралық бақыт күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – бақытқа қол жеткізу жер бетіндегі барлық адамның басты мақсаты екенін жеткізу. Халықаралық бақыт индексі бойынша Қазақстан өткен жылы 40-орынға көтерілді. Ал ең бақытты адамдар Финляндия, Дания және Исландияда тұрады. Психологтардың айтуынша, әрбір адам белсенді және салауатты өмір салтын ұстанып, игі істермен айналысу арқылы бақытты бола алады.

 

Барлық оқырманға шынайы бақыт тілейміз! 🌤

👥20 наурыз дүниеге келген танымал ер адамдар. 154 жыл бұрын музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі — Александр Затаевич (1869-1936) дүниеге келді. Оның «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 күйі мен әні» жинақтары көне дәуірден 1930 жылдарға дейінгі қазақ музыкалық фольклорының антологиясын ұсынады. Сонымен қатар қазақтың кәсіби фортепиано музыкасының негізін қалаушылардың бірі — “ Фортепианоға арналған қазақ әндері” жинағының авторы. 

88 жыл бұрын ақын, Қазақстанның халық жазушысы — Тұманбай Молдағалиев (1935-2011) дүниеге келді. Ол көптеген тілге аударылған 40-тан астам өлеңдер мен жыр жинақтарының авторы. Тілендиев, Қалдаяқов, Бейсеуов сынды композиторлармен жазылған «Құстар әні», «Құстар ұйып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» лирикалық әндері ерекше танымал. 1992 жылы оған түркі әлемінің Физули атындағы Халықаралық сыйлығы берілді.