«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 Сәуір, 2024


🔮20 сәуір – Өмірдің мәнін іздеу күні. Оның мақсаты: “Мен кіммін?” “Не үшін өмір сүріп жүрмін?” деген сұрақтарға жауап бере отырып, жылына кемінде бір рет өз-өзіңізге есеп беруді әдетке айналдыру. Мәселен, бірі өз тағдырын кәсіби жолмен байланыстырса, ал енді бірі саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді көздейді. Яғни, әркімнің өмірлік мақсаты әртүрлі болып келеді. Сонымен қатар әр дін болмыстың мәнін өз бетінше түсіндіреді.

Ал сіз өмірдің мәні неде деп ойлайсыз?

📖Бүгін кітап сүйер қауым – Халықаралық климаттық фантастика күнін атап өтеді. «Климаттық фантастика» немесе қысқаша Cli-Fi деп аталатын аталмыш жанр климаттың өзгеруі мен жаһандық жылынуын сипаттайды. Бұл күннің мақсаты – қоғамды Cli-Fi романдары мен фильмдерді арқау ете отырып, болашақта туындауы мүмкін проблемаларды хабардар ету. Нақтырақ айтатын болсақ, қазір жасалатын әрекетіміз арқылы алда болатын жаһандық жылыну оқиғаларынан алдын алатынымызды түсіндіру.

Cli-Fli жанрындағы қандай романдар мен фильмдерді ұсынасыз?


🛥1991 жылы 20 сәуірде Атырауда орналасқан әлемдегі ең терең “Теңіз” кен орнында алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндірілді. Теңіздің жалпы барланған қоры 3 млрд тоннаны құрайды. Бұл әлемдік классификация бойынша кен орнын алып кенішке жатқызуға мүмкіндік береді. 1993 жылы Қазақстан мен американдық “Шеврон” компаниясы арасында “Теңізді” бірлесіп игеру туралы келісімшарт жасалып, еліміздегі ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын “Теңізшевройл” құрылды.

Егер Теңізде жұмыс істейтін таныстарыңыз болса, бүгінгі мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🎭Сәуірдің үшінші сенбісі дүниежүзілік цирк күні аталып өтеді. Бұл – өнердің ең көне түрі. Өйткені акробаттардың, шабандоздардың, сайқымазақтардың барлық қойылымы туралы айту ежелгі дәуірден басталады. Бірақ кейін осы бастама негізінде 18 ғасыр соңында цирк пайда болды. Оның негізін салушы ағылшын шабандозы – Филипп Астлей. Ол жылқы үстінде шауып, трюктарды орындау үшін диаметрі 13 метр шеңбер қолайлы болатынын анықтады. Бүгінде әлемнің барлық цирк алаңдары осы диаметрді ескереді.

Сізге қазақ циркаштарының арасында қай әртіс ұнайды?