«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 Сәуір, 2023


🧐20 сәуір – Өмірдің мәнін іздеу күні. Оның мақсаты: “Мен кіммін?” “Не үшін өмір сүріп жүрмін?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, жылына кемінде бір рет өз-өзіңізге есеп беруді әдетке айналдыру. Мәселен, бірі өз тағдырын кәсіби жолмен байланыстырса, ал енді бірі саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді көздейді. Яғни, әркімнің өмірлік мақсаты әртүрлі болып келеді. Сонымен қатар әр дін болмыстың мәнін өз бетінше түсіндіреді.

Ал сіз өмірдің мәні неде деп ойлайсыз?

📖 Бүгін кітап сүйер қауым – Халықаралық климаттық фантастика күнін атап өтеді. «Климаттық фантастика» немесе қысқаша Cli-Fi деп аталатын аталмыш жанр климаттың өзгеруі мен жаһандық жылынуын сипаттайды. Бұл күннің мақсаты – қоғамды Cli-Fi романдары мен фильмдерді арқау ете отырып, болашақта туындауы мүмкін проблемаларды хабардар ету. Нақтырақ айтатын болсақ, қазір жасалатын әрекетіміз арқылы алда болатын жаһандық жылыну оқиғаларынан алдын алатынымызды түсіндіру.  

Cli-Fli жанрындағы қандай романдар мен фильмдерді ұсынасыз?

🪄1991 жылы 20 сәуір – Атырауда орналасқан әлемдегі ең терең Теңіз кен орнында алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндірілді. Теңіздің жалпы барланған қоры 3 млрд тоннаны құрайды. Бұл әлемдік классификация бойынша кен орнын алып кенішке жатқызуға мүмкіндік береді. 1993 жылы Қазақстан мен американдық «Шеврон» компаниясы арасында Теңізді бірлесіп игеру туралы келісімшарт жасалып, еліміздегі ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын «Теңізшевройл» құрылды.

Егер Теңізде жұмыс істейтін таныстарыңыз болса, бүгінгі мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

🎊2001 жылы 20 сәуірде Сэр Пол Маккартни алғашқы британдық миллиардер музыкант атанды. Аты аңызға айналған The Beatles тобының негізін қалаушылардың бірі Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енгізілген. Атап айтатын болсақ, соңғы рет тарихтағы ең табысты музыкант әрі композитор деп танылған. Биыл әлемдегі ең бай музыканттар рейтингінде төрт миллиардер бар. Олар: репер – Джей Зи (2 2,5), Риана (1 1,4), Пол Маккартни (1 1,1) және композитор – Эндрю Пол Уэббер (1 1).

Ал сіз өмір жолыңызда қанша ақша тапқыңыз келеді?