«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 Шілде, 2023


🥳Бүгін – Халықаралық шахмат күні. 1924 жылы 20 шілдеде Парижде Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) құрылды. Оған бүгінде 191 ұлттық федерация кіреді. Үндістан 5 ғасырда пайда болған шахматтың отаны болып саналады. Ал Қазақстанда бұл ойын ерте заманнан белгілі. Бұған 11-13 ғасырларда шахмат фигуралары табылған Талғар қалашығында жүргізілген археологиялық қазбалар дәлел.

Қазақ шахматшыларының қайсысын білесіз?

🦵20 шілде – Дүниежүзілік секіру күні. Жаһандық жылыну және онымен күресу соңғы онжылдықтың басты үрдісі. Белсенділер бұл мәселені шешудің бір жолы – Жер полюстерінің орнын өзгерту деп санайды. Бүгін 11:39:13 GMT-те бүкіл әлем бойынша шамамен 600 миллион адам бір уақытта секіреді. Әрине, бұл жаппай секіру ғаламшарымызды Күннен алыстатпайды. Бірақ қатысушыларға жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл күй сыйлайды.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


🍰20 шілде – Халықаралық торт күні. Бірақ бұл мерекенің мақсаты тәттіге емес, достық қарым — қатынасқа арналған. Оның ұраны – «Мен саған тортпен келемін». Өйткені дәмді торт пен хош иісті шай адамдарды жақындастырады. Бұл реніштерді басып, келіспеушіліктерге төтеп береді. Бүгінде бұл дәстүр барған сайын көп елдерді қамтып, әлемдік мәдени өмірдегі ауқымды оқиғаға айналып отыр.

Сізге торттың қай түрі ұнайды?

👥20 шілде өмірге келген атақты адамдар. 104 жыл бұрын жаңа зеландиялық зерттеуші және альпинист сэр Эдмунд Хиллари (1919-2008) дүниеге келді. Ол өзінің жергілікті серігі Тенцингпен бірге 1953 жылы әлемдегі ең биік шың Эверестті бағындырған алғашқы адам болды. Осы ерлігі үшін патшайым Елизавета II оған рыцарь атағын, ал Непал оған елдің “Құрметті азаматы” атағын берді. Сондай-ақ бүгін қазақ жазушысы, кинорежиссер, сценарист Ермек Тұрсынов 62 жасқа толды. Көпшілік оны «Шал», «Келін», «Мамырдың жеті күні», «Жат» және басқа да фильмдері арқылы таниды. Кинематографистер одағы басқармасының төрағасы 4 кітап пен 14 киносценарийдің авторы.

Қазақтардың қай тұлғасы Эверест шыңын бағындырды?