«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 августа, 2023


⚽️Тамыз айының әр үшінші жексенбісі Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Бұл мереке — өмірін спортпен байланыстырған спортшылар, жаттықтырушылар, балалар мен жасөспірімдер үшін ерекше. Әсіресе, елімізде танымал спорт түрлері бокс, күрес, ауыр атлетика және жеңіл атлетика, хоккей, велоспорт және т.б.

Сіз спорттың қай түрімен айналысасыз?

🦟20 тамыз — Дүниежүзілік масалар күні. Бұл зиянды жәндіктер барлық континентте өмір сүреді. Олардың 3600-ге жуық түрі бар. Акулалардың шабуылынан гөрі масаның шағуынан көп адамдар өмірден өтеді. Өйткені олар көптеген қауіпті ауруды алып жүреді. Масалар үшін терісі жұқа адамдарды шағу ыңғайлы. Сондықтан одан балалар, толық адамдар, қант диабетімен ауыратын адамдар зардап шегеді. Айта кету керек, масаның ұрғашысы ғана қан сорады, ал ері өсімдікпен, шырынмен қоректенеді.


🦉20 тамыз — Дүниежүзілік жалқаулық күні. Бұл күннің мақсаты – жалқау жандарды құттықтау емес. Керісінше қазіргі заманның ең қатерлі ауруы — стресс пен созылмалы әлсіздікпен тиімді күресу. Бүгін ештеңе жоспарламаңыз. Өзіңізге толығымен демалуға мүмкіндік беріңіз. Миы тыныш адамның еңбек өнімділігі мен ойлау жылдамдығы жоғары болады.

Сіз өзіңізді жалқау адам деп санайсыз ба?


🙈20 тамыз — Чебурашканың туған күні. Үйсіз жүрген Чебурашка ересектердің қамқорлығын қажет ететін баланың символына айналды. Сондықтан осы күні балалар үйіндегі бүлдіршіндерге арналған қайырымдылық іс-шаралары өткізіледі. Сүйкімді кейіпкердің ең адал жанкүйері — жапондықтар. Бұл ұлт өкілдері оны Чеби деп атайды. Айтпақшы, Англияда Чебуршака — Топл, Швецияда — Дрюттен, Германияда — Куллерьхен немесе Плумпс, Финляндияда — Муксис деген есімге ие.