«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 сентября, 2023


⚽️1913 жылы 20 қыркүйекте Семейде алғашқы қазақ футбол командалары пайда болды. Атап айтатын болсақ, ССК, «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш». Бір деректерге сүйенсек, сол кезде Орталық Азия мен Сібірдегі ірі сауда қаласы болған Семейге ағылшын көпестері футболды әкелген. “Ярыш” ФК құрамында жазушы, ақын Мұхтар Әуезов (1897-1961) ойнады. Мәліметтерге қарағанда, дәл осы “Ярыш” 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы бар Бірінші дүниежүзілік соғыстағы әскери тұтқындар командасымен халықаралық матч өткізген алғашқы қазақстандық команда болды. Барлық матч 1917 жылғы революцияға дейін атақты Семей жәрмеңкесі өткен алаңда өтті.

Ал сіз қай команданы қолдайсыз?

🍥20 қыркүйек БҰҰ бастамасымен Дүниежүзілік күріш күні аталып өтеді. Ғалымдардың пайымдауынша, адамдар күріш өсіруді 7000 жылдан астам уақыт бұрын бастаған. Бүгінде барлық континентте өсірілетін бұл дәнді дақылдың 10 мыңнан астам түрі бар. Аталмыш күннің мақсаты – аштықтан құтқаратын қарапайым, қоректік және арзан дәнді дақыл күріш екенін еске салу. Себебі жер бетіндегі миллиондаған адамның дұрыс тамақтануға мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар күріштен түрлі тағамдар мен десерттерді де дайындауға болады.

Сізге күріштің қай түрі ұнайды?

💫20 қыркүйек – Қоғамға пайдалы адам күні аталып өтеді. Атауы айтып тұрғандай мұның мақсаты пайдалы нәрсе жасау. Бүгін сіз қарт адамдарға көмектесіп, қоғамдық ұйымда волонтер бола аласыз. Яки, жай ғана аулаңызды тазалауға үлес қоса аласыз. Ең бастысы — бей-жай қалмай, басқаларға тегін жақсылық жасау.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

👥20 қыркүйек екі танымал ер адамның туған күні. 132 жыл бұрын қоғамдық-саяси қайраткер, қазақтың алғашқы ғалым-агрономдарының бірі Жумахан Кудерин (1891-1938) дүниеге келді. Ол «Өсімдіктану, оқу құралы», «Қой мен оның жүні», «Қант қызылшасы» оқулықтарының, «Орта Азиядағы жылан түрлері» этнографиялық және биологиялық трактатының авторы. Сонымен қатар тырысқақ індетімен күресуге, жер-су реформасын жүргізуге ат салысты. Қытайдан босқын қазақтарды қайтару жөніндегі комиссияда жұмыс істеп, ауылдарда мектептер ұйымдастырды. Оның қатысуымен 6 мың отбасы отанына оралды. Алайда 1938 жылы Кеңес өкіметі оны ату жазасына кесті. Ал 1957 жылы ақталып шықты. Сондай – ақ бүгін дағыстандық аралас жекпе-жек күрескері Хабиб Нурмагомедов 35 жылдық мерейтойын атап өтеді. Спортшы бұрынғы жеңіл салмақтағы UFC чемпионы. Кәсіби деңгейде 29 жекпе-жек өткізіп, оның бірде-біреуінде жеңіліске ұшыраған жоқ. 2022 жылы ол UFC Даңқ залына қосылды. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Нұрмагомедов бизнеспен белсенді айналысуды бастады. Сондай-ақ өзінің EAGL FC лигасын ұйымдастырды. Қазақстанда Хабиб құрметті қонақ ретінде қатысатын жекпе-жектер жиі өткізіледі.

Сізге қай спортшы ұнайды: Хабиб Нурмагомедов немесе Конор Макгрегор?