«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 20 декабря, 2023


🤷‍♂️20 желтоқсан — Қазақстанның мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні. Мұндағы қызметкерлер аса маңызды әрі құпия хат-хабарларды жоғары билік органдарына, үкіметтік мекемелер мен жоғары әскери қолбасшылыққа жеткізумен айналысады. Фельдъегерлер кез келген жағдайда өзін-өзі қорғай алуы қажет. Сонымен қатар атыс қаруын басқарып, шабуыл кезінде жүктерді қорғаудың түрлі тәсіліне дайын болуы қажет. 

Ал сіз фельдъегер мамандығының бар екенін білдіңіз бе?

🫲20 желтоқсанда Халықаралық адамдар ынтымақтастығы күні аталып өтеді. БҰҰ-ның пікірінше, бұл мерекенің мақсаты адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасына ерекше назар аудару. Себебі әр адам өз мақсаты мен мүддесіне ғана емес, жалпы елдің болашағына алаңдайтын біртұтас мемлекетке айналуы қажет.

✍️1928 жылы Қазақ КСР Орталық атқару комитеті латын әліпбиіне көшу туралы қаулы қабылдады.Реформалау 1924 жылы Қазақ фонетикасын ескере отырып, дауысты дыбыстарды дұрыс беру мақсатында басталды. Латын әліпбиіне көшу жобасын Ахмет Байтұрсынов әзірлеп, оны «Төте жазу» деп атады. Ал кирилица Қазақстанда 1940 жылы қабылданды.

Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?

👥20 желтоқсан өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін қазақ жазушысы, драматург Дулат Исабеков 81 жасқа толды. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Мемлекеттік сыйлығының иегерінің повесттері мен әңгімелері неміс, болгар, венгр, чех тілдеріне аударылған. “Платин Тарланы” сыйлығының иегері жиырмадан астам театр пьесалары мен фильм сценарийінің авторы. Оның 70 жылдығына орай Алматыда Халықаралық фестиваль өтті. Мұнда  Болгария, Түркия, Ресей және Тәжікстан театрлары бой көрсетті. Сондай — ақ бүгін «Пари Сен-Жермен» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 25 жас мерейтойын атап өтеді. Ол әлемде ең жоғары жалақы алатын футболшылардың бірі болса да, аптасына 2 миллион доллардан астам табыс табады. 2018 жылы әлем чемпионы, ал соңғы чемпионатта күміс жүлдеге ие болып, үздік бомбардир атанды.