🤩20 желтоқсан — Қазақстанның мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні. Бұл қызмет мемлекеттік қауіпсіздікке қатысты құжаттарды жоғары билік органдарына, үкіметтік мекемелер мен әскери басқармаларға жеткізумен айналысады.
Фельдъегерлер кез келген жағдайда өзін-өзі қорғай алуы қажет. Сонымен қатар атыс қаруын басқарып, шабуыл кезінде жүктерді қорғаудың түрлі тәсіліне дайын болуы қажет.
Ал сіз фельдъегер мамандығының бар екенін білдіңіз бе?
😊1928 жылы Қазақ КСР Орталық атқару комитеті латын әліпбиіне көшу туралы қаулы қабылдады. Реформалау 1924 жылы Қазақ фонетикасын ескере отырып, дауысты дыбыстарды дұрыс беру мақсатында басталды. Латын әліпбиіне көшу жобасын Ахмет Байтұрсынов әзірлеп, оны «Төте жазу» деп атады. Ал кирилица Қазақстанда 1940 жылы қабылданды.
Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?
😔Желтоқсанның үшінші жұмасында “Сәтсіздікке ұшыраған адамдар күні” аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – сәтсіздікке ұшыраған, не болмаса “сәтсіз” деген бейресми атқа ие болған адамдарды күресуге, белсенді болуға шақыру. Осылай ғана психологиялық кедергілерді жеңіп, жаңа деңгейге көтерілуге және өз-өзіңді дәлелдеуге және табысты болуға болады.
Есіңізде болсын, әрбір сәтсіздік – бұл тәжірибе және жеңіске жету жолындағы тағы бір қадам.
👥20 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. Бүгін қазақ жазушысы, драматург Дулат Исабеков 82 жасқа толды. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Мемлекеттік сыйлығының иегерінің повесттері мен әңгімелері неміс, болгар, венгр, чех тілдеріне аударылған. “Платин Тарланы” сыйлығының иегері жиырмадан астам театр пьесалары мен фильм сценарийінің авторы. Сондай — ақ бүгін «Пари Сен-Жермен» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 26 жасын атап өтеді. Мадридтік “Реал” мен Франция құрамасының шабуылшысы жылына 30 миллион еуродан астам табыс тауып, әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылардың бірі саналады.