«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 22 Ақпан, 2023


☑️ 22 ақпан – Халықаралық қылмыс құрбандарын қолдау күні. Бұл күн – қылмыстық әрекеттердің салдарынан зардап шеккендердің барлығына қолдау көрсетуге арналған. Оларға көмек көрсету мақсатында бүгінде әлемде 200-ге жуық бағдарлама бар. Бірақ мұнда сіздің жеке қолдауыңыз ешқашан артық болмайды. Бейресми күн атап өту 1990 жылдан басталды. Ол кезде Ұлыбритания Министрлер кабинеті Қылмыс құрбандары хартиясын жариялады және Құрама Штаттарда жәбірленушілерге қатысты сот төрелігінің негізгі принциптерін қамтитын федералдық заң қабылданды.

 

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


☑️ Бүгін ерекше мерекелердің бірі – жақсы көңіл-күй сыйлау күні аталып өтеді. Сіздің ойыңызша, жақсы көңіл күй өздігінен пайда бола ма? Әрине, иә. Сол себепті жиі қалжыңдаңыз, күліңіз, қуаныңыз әрі достарыңызды қуантыңыз, сүйіңіз және сүйікті болыңыз. Сонда ғана әлемнің мейірлене түскенін байқайсың. Өмірдің қуанышын сезініп, өзіңізді бағалаған сәттен бастап, көңіл күйіңіздің көтерілетінін түсініңіз. 

 

Баршаңызға көтеріңкі көңіл күй тілейміз!

☑️ Бүгін – Жапония елі мысықтар күнін тойлайды. Жапондықтар мысық тек «нян-нян-нян» деп мияулайтынын айтады. Ал «нян-нян-нян» – жапон тілінен «екі-екі-екі» деген мағынаны білдіреді. Сәйкесінше, бұл мереке екінші айдың жиырма екінші күні аталып өтеді. Айта кетейік, мысықтар күніне орай олардың әдеттері мен сүйікті тағамдарына байланысты ұйымдастырылған арнайы атқару комитеті бар.

Қазақстанда да мысықтар күні болғанын қалайсыз ба? 

☑️22 ақпан өмірге келген танымал тұлғалар. 291 жыл бұрын АҚШ-тың алғашқы президенті және негізін қалаушылардың бірі – Джордж Вашингтон (1732-1799) дүниеге келді. Американдықтардың қоғамдық санасында ол – көрнекті әскери көшбасшы әрі революциялық соғыс аяқталғаннан кейін өкілеттігін өз еркімен тоқтатқан басшы ретінде қалды. Сонымен қатар жеке билік үшін емес, қоғам бостандығы үшін күрескен көшбасшылардың бірі болды. 

Сонымен қатар 101 жыл бұрын қазақ кинорежиссері, сценарист әрі актер – Мәжит Бегалин (1922-1978) дүниеге келді. Ол өз замандастары мен 20 ғасырдың соңындағы қазақ еңбекшілері туралы көркем фильмдердің авторы. Мәжиттің режиссерлік шеберлігі Шоқан Уәлиханов, Бауыржан Момышұлы және Мәншүк Мәметова туралы тарихи-биографиялық жанрдағы фильмдерде де көрінді. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, көптеген кәсіби сыйлықтардың лауреаты.

 

Джордж Вашингтон доллардың қай купюрасында бар?