«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 февраля, 2024


👨‍🏫 Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық ана тілі күні аталып өтеді. Бұл күн 1952 жылы 21 ақпанда Бангладеш астанасы Даккада болған оқиғаны еске алу мақсатында таңдалды. Нақтырақ айтсақ, студенттер бенгал тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындатуды сұрады. Осы кезде талай ел азаматы полиция оғынан қаза тапты. Тіл – материалдық және рухани мұрамызды сақтау мен дамытудың ең қуатты құралы. Әлемде 7 мыңға жуық тіл бар. Ал оның 2,5 мыңнан астамы жойылу алдында тұр.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

💃 Бүгін әйелдердің бақыт күні тойланады. Ішкі тепе-теңдік пен бақытқа жету адамның потенциалын ашуға көмектесетін маңызды өмірлік ресурс болып келеді. Әйелдің ана мен әйел ретінде атқаратын рөлі шығармашылық және мансаптық өсу деңгейімен теңдей қарастырылады. Олар өздерінің орындалған тілектері мен армандарын өзгемен бөлісу арқылы қуанышқа бөленеді. Сол себепті бұл мереке жылына үш рет тойланады. Атап айтатын болсақ, 21 ақпан, 11 маусым және 18 қазан.

Барлық қыз-келіншекті бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Бақыттарыңыз әрдайым еселене берсін!

🥰 Бүгін тағам әуесқойлары халықаралық құймақ күнін атап өтеді. Бұл мереке 500 жыл бұрвн Англияда пайда болды. Осы күні әйелдердің бірі асығыстық танытып, құймақ пісіріп жатқан жерінен табағымен бірге шіркеуге қарай беттейді. Кей қалаларда аталмыш күні жыл сайын әйелдер арасында құймақ жарысы өткізіліп тұрады. Мұнда әйелдер алжапқыштарын тағып, табаға құймақ лақтырып, белгілі бір қашықтыққа дейін  жүгіруі керек. Жеңімпаз  арнайы марапатқа ие болады. Ал жарыс кезінде табадан түспеген құймақтардан көрермендер де ауыз тиеді.

Сізге құймақ ұнай ма?

👥 21 ақпан танымал екі әншінің туған күні. Бүгін қазақ эстрадасының әншісі, актриса әрі тележүргізуші Мақпал Исабекова 40 жасқа толды. Ол SuperStar KZ жобасына қатысу арқылы танымал болды. Мансаптық жолында Қазақстанның “Тарлан” платина сыйлығының лауреаты атанды. Әнші

2016 жылы «Бала дауысы» I Ұлттық балалар ән байқауының тәлімгерлерінің бірі болды. Сонымен қатар бүгін Вэнди деген атпен танымал K-pop әншісі әрі актриса Сон Сонван 30 жас мерейтойын атап өтеді. Ол Red Velvet girl тобының басты вокалисі және Got the beat супер тобының мүшесі. 2021 жылы like water шағын альбомымен жеке дебют жасады.

 

Мақпал Исабекованың қай әндері ұнайды?