👀Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық ана тілі күні аталып өтеді. Бұл күн 1952 жылы 21 ақпанда Бангладеш астанасы Даккада болған оқиғаны еске алу мақсатында белгіленді. Осы күні полиция оғынан бірнеше студент қаза тапты. Олар өздерінің ана тілі – бенгал тілін мемлекеттік тілдердің бірі ретінде мойындауды талап етіп, шеруге шыққан еді. Әлемде 7 мыңға жуық тіл бар. Ал оның 2,5 мыңнан астамы жойылу алдында тұр. Әр екі апта сайын бір тіл жойылып, соны қолданған халықтың мәдени мұрасы да бірге жоғалуда.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🥀Бүгін әйел бақыты күні тойланады. Ішкі тепе-теңдік пен бақыт – адамның өз мүмкіндігін толық ашуға көмектесетін маңызды өмірлік ресурстар. Әйелдің ана мен әйел ретінде атқаратын рөлі — оның шығармашылық және кәсіби жетістіктерімен қатар тұрады. Олардың арман-тілектері орындалған сайын, өзгеге де қуаныш сыйлай алады. Сондықтан бұл күн жылына үш рет: 21 ақпанда, 11 маусымда және 18 қазанда аталып өтеді.
Барлық қыз-келіншекті бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Бақыттарыңыз еселене берсін!
🥞Бүгін тағам әуесқойлары халықаралық құймақ күнін атап өтеді. Бұл мереке 500 жылдан астам уақыт бұрын Англияда пайда болған. Аңыз бойынша, осы күні бір әйел құймақ пісіріп жатып шіркеуге баратынын ұмытып кетеді. Уақыт тапшылығынан ол қолындағы ыстық табамен, шіркеуге қарай беттейді. Содан бері кей қалаларда жыл сайын дәстүрлі “құймақпен жүгіру” сайысы өткізіледі. Қатысушы әйелдер міндетті түрде көйлек пен алжапқыш киіп, табадағы құймақты аспанға лақтырып, қайта қағып алып, белгілі бір қашықты жүгіріп өтулері керек. Жеңімпаз арнайы марапатқа ие болады. Ал жарыс кезінде табадан түспеген құймақтарды көрермендер ауыз тиеді.
Сізге құймақ ұнай ма?
👥21 ақпан — танымал екі әншінің туған күні. Бүгін қазақ эстрадасының әншісі, актриса әрі тележүргізуші Мақпал Исабекова 41 жасын атап өтеді. Ол SuperStar KZ жобасына қатысу арқылы танымал болды. Мансаптық жолында Қазақстанның “Тарлан” платина сыйлығының лауреаты атанды. Әнші 2016 жылы «Бала дауысы» I Ұлттық балалар ән байқауының тәлімгерлерінің бірі болды. Сонымен қатар бүгін Вэнди деген атпен танымал K-pop әншісі әрі актриса Сон Сонван 31 жасқа толды. Ол — Red Velvet girl тобының басты вокалисі және Got the beat супер тобының мүшесі. 2021 жылы like water шағын альбомымен жеке дебют жасады.
Мақпал Исабекованың қай әндері ұнайды?