«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 Ақпан, 2023


☑️ Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен – Халықаралық ана тілі күні аталып өтеді. Бұл күн 1952 жылы 21 ақпан Бангладеш астанасы Дакка қаласында болған оқиғаларды еске алу үшін таңдалды. Нақтырақ айтсақ, студенттер ана тілі – бенгал тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындатуды сұрады. Осы кезде талай ел азаматы полиция оғынан қаза тапты. Тіл – материалдық және рухани мұрамызды сақтау мен дамытудың ең қуатты құралы. Әлемде 7 мыңға жуық тіл бар. Ал оның 2,5 мыңнан астамы жойылып кетудің алдында тұр.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

☑️ Бүгін – әйелдердің бақыт күні тойланады. Ішкі тепе-теңдік пен бақытқа жету – адамның потенциалын ашуға көмектесетін маңызды өмірлік ресурстар. Әйелдің ана мен әйел ретінде атқаратын ролі – мансаптық өсу жолынан кем емес. Нәзік жандылар қауымы өздерінің орындалған тілектері мен армандарын өзгемен бөлісу арқылы қуанышқа бөлінеді. Сол себепті бұл мереке жылына үш рет тойланады. Атап айтатын болсам, 21 ақпан, 11 маусым және 18 қазан.

Барлық қыз-келіншектерді бүгінгі мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан бақыттарыңыз еселене берсін!

☑️ Бүгін тағам әуесқойлары – Халықаралық құймақ күнін атап өтеді. Америка Құрама Штаттарында алғашқы құймақ фестивалі 1950 жылы Канзаста өтті. Бірақ Англияның Олней қаласында ол 500 жылдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді.

Бұл мереке – қала тұрғындарының бірі құймақ пісіріп жатқан қолындағы табағымен шіркеуге жүгірген күнінен басталды. Сол кезден бері әйелдер арасында жыл сайын құймақ жарысы өткізіліп тұрады. Мұнда әйелдер алжапқыштарын тағып, табаға құймақ лақтырып, белгілі бір қашықтыққа дейін  жүгіруі керек. Жеңімпаз  арнайы құрметпен марапатталады. Ал жарыс кезінде табадан түспеген құймақтарды көрермендер бірге жейді.

Сізге құймақ ұнай ма?

☑️ 21 ақпан танымал екі әншінің туған күні. Бүгін қазақ эстрадасының әншісі, актриса әрі тележүргізуші – Мақпал Исабекова 39 жасқа толды. Ол SuperStar KZ жобасына қатысу арқылы танымал болды. Мансаптық жолында Қазақстанның «Тарлан» платина сыйлығының лауреаты атанды. Әнші

2016 жылы «Бала дауысы» I Ұлттық балалар ән байқауының тәлімгерлерінің бірі болды.  

Сонымен қатар бүгін Вэнди деген атпен танымал K-pop әншісі әрі актриса – Сон Сынван 29 жасын атап өтеді. Ол Red Velvet girl тобының басты вокалисті болуымен қатар, got the beat супер тобының мүшесі. 2021 жылы like water шағын альбомымен жеке дебют жасады.

 

Мақпал Исабекованың қай әндері ұнайды?