❄️ Бүгін белсенді өмір салтын ұнатушылар дүниежүзілік қар күнін атап өтеді. Бұл күн қысқы спорт түрлерімен байланысты. Оның мақсаты — балалар мен жастар арасында таза ауада спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау. Шаңғы жарысы, шанада және конькиде сырғанау сынды спорт түрлерін кез келген халық ерекше жақсы көреді. Бұған Қазақстанның бірегей табиғаты да өз үлесін қосуда.
Сізге қандай қысқы спорт түрі ұнайды?
🤗 21 қаңтар дүниежүзілік ішімдіктен бас тарту күні аталып өтеді. Әртүрлі мемлекетте халықтың 2%-дан 10%-ға дейіні маскүнемдіктен зардап шегеді. Бұл әдет отбасылық қарым-қатынасты бұзады әрі бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар отбасының басқа мүшелеріне ауыр әсер етіп, әртүрлі қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соғады. Алкогольді асыра пайдалану бауырдың жұмысын істен шығарады. Сондай-ақ түрлі психикалық бұзылулардың, қатерлі ісіктердің, ішектің, өкпенің, қуықтың, өңештің, көмейдің, он екі елі ішектің патологиясының дамуына әкеледі.
Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз!
🫡 2016 жылы 21 қаңтарда Дүниежүзілік Түркі халықтарының конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне “Түркі елдерінің үздік университеті” атағын берді. Әлемдегі алты академияның академигі, Дүниежүзілік Түркі халықтары конгресінің президенті, доктор Яхья Әлиев бұл шешімнің 47 ұлт пен ұлттың басын біріктіретін Дүниежүзілік Түркі халықтары құрылтайының отырысында бірауыздан қабылданғанын атап өтті. Бір жыл бұрын ҚазҰУ-да “ТҮРКСОЙ” кафедрасы мен мәдени орталығы ашылды.
Ал сіз Қазақстанда қай жоғары оқу орнын үздік деп санайсыз?
😮💨21 қаңтар дүниеге келген танымал тұлғалар. 119 жыл бұрын аты аңызға айналған француз сәнгері, Christian Dior сән үйінің негізін қалаушы Кристиан Диор (1905-1957) дүниеге келді. Оның есімі жоғары сәнмен, парфюмерия жарнамасымен және әйелдің еліктіретін сұлулығымен байланысты. Сәнгердің арқасында Париж әлемнің сән астанасына айналды. Ол қайтыс болғаннан кейін Dior үйінің креативті директорлары Ив Сен Лоран, Джанфранко Ферре, Джон Галлиано және басқа да танымал дизайнерлер болды. Сонымен қатар 58 жыл бұрын қазақ актері Фархат Әбдірайымов (1966-2021) дүниеге келді. Біз оны “Фара”, “Сказ о розовом зайце”, “Рэкетир 2”, “Аға” фильмдерінен танимыз. Өнер иесі «Халық сүйіктісі» қоғамдық сыйлығын екі мәрте иеленді. Өкінішке қарай 2021 жылы 21 мамырда Тбилисиде миокард инфарктісіне байланысты түсірілімде қайтыс болды.
Сізге Фархат Әбдіраимовтың қай фильмі ұнайды?