«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 января, 2025


👋21 қаңтарда дүниежүзілік ішімдіктен бас тарту күні аталып өтеді. Әртүрлі мемлекетте 2%-дан 10%-ға дейін халық маскүнемдіктен зардап шегеді. Бұл әдет отбасылық қарым-қатынасты бұзады әрі бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар отбасының басқа мүшелеріне ауыр әсер етіп, әртүрлі қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соғады. Алкогольді асыра пайдалану бауырдың жұмысын істен шығарады. Сондай-ақ түрлі психикалық бұзылулардың, қатерлі ісіктердің, ішектің, өкпенің, қуықтың, өңештің, көмейдің, он екі елі ішектің патологиясының дамуына әкеледі. Бұл күннің мақсаты – адамдарға көңіл көтеру үшін алкогольдің қажеті жоқ екенін дәлелдеу және дұрыс орта таңдай білудің маңызын түсіндіру.

  

Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз!

 

👀2016 жылы 21 қаңтарда Дүниежүзілік Түркі халықтарының конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне “Түркі елдерінің үздік университеті” атағын берді. Әлемдегі алты академияның академигі, Дүниежүзілік Түркі халықтары конгресінің президенті, доктор Яхья Әлиев бұл шешімнің 47 ұлт пен ұлттың басын біріктіретін Дүниежүзілік Түркі халықтары құрылтайының отырысында бірауыздан қабылданғанын атап өтті. Бір жыл бұрын ҚазҰУ-да “ТҮРКСОЙ” кафедрасы мен мәдени орталығы ашылды.

 

Ал сіз Қазақстанда қай жоғары оқу орнын үздік деп санайсыз?

👤21 қаңтарда әлемдегі ең ерекше мерекелердің бірі – Халықаралық құшақтасу күні аталып өтеді. Бұл мереке алғаш рет 1986 жылы АҚШ-та пайда болып, кейіннен бүкіл әлемге жаппай таралды. Мереке дәстүріне сәйкес, дәл осы күні достық ниетпен (ешқандай интимдік астарсыз) тіпті бейтаныс адамды да құшақтауға болады. Мерекенің пайда болғанына көп уақыт болмаса да, оның нақты авторы мен дәл осы күннің неге таңдалғаны белгісіз. Алайда бұл бастама —  студенттердің идеясы екені кеңінен айтылып жүр.

👥21 қаңтарда дүниеге келген танымал тұлғалар. 120 жыл бұрын аты аңызға айналған француз сәнгері, Christian Dior сән үйінің негізін қалаушы Кристиан Диор (1905-1957) дүниеге келді. Оның есімі жоғары сәнмен, парфюмерия жарнамасымен және әйелдің еліктіретін сұлулығымен байланысты. Сәнгердің арқасында Париж — әлемнің сән астанасына айналды. Ол қайтыс болғаннан кейін Dior үйінің креативті директорлары Ив Сен Лоран, Джанфранко Ферре, Джон Галлиано және басқа да танымал дизайнерлер болды. Сонымен қатар 59 жыл бұрын қазақ актері Фархат Әбдірайымов (1966-2021) дүниеге келді. Біз оны “Фара”, “Сказ о розовом зайце”, “Рэкетир 2”, “Аға” фильмдерінен танимыз. Өнер иесі «Халық сүйіктісі» қоғамдық сыйлығын екі мәрте иеленді.  Өкінішке қарай, ол 2021 жылы 21 мамырда Тбилисиде миокард инфарктісіне байланысты түсірілімде қайтыс болды.

Сізге Фархат Әбдіраимовтың қай фильмі ұнайды?