👤2008 жылы 21 қарашада Қазақстанның бастамасымен түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы құрылды. Келісімге Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан және Қырғызстан парламенттерінің төрағалары Ыстанбұлда өткен конференцияда қол қойды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – түркітілдес елдердің парламентаралық байланысын қалыптастыру, саяси көзқарастарын жақындастыру, ақпарат алмасу, түркі мәдениетін насихаттау, экономикалық байланыстарын кеңейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, түркі әлемінің мәселелерін шешу жолын табу.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👀Қарашаның үшінші бейсенбісінде халықаралық шылым шегуден бас тарту күні аталып өтеді. Қазақстанда 2,8 млн-ға жуық адам темекі шегеді. Салдарынан жыл сайын 18 мың адам қаза табады. Әлемдегі мәліметтерге сүйенсек, темекі шегудің кесірінен 90% адам өкпенің қатерлі ісігіне, ал 75%-ы созылмалы бронхит ауруына шалдығады. Ал ғаламшарда әр он секунд сайын бір адам қайтыс болады. Бұл күннің мақсаты — темекіге деген тәуелділікті азайтып, халық арасында шылым шегуге қарсы күрес жүргізу және темекінің денсаулыққа зиянды әсері туралы қоғамды хабардар ету.
Жаныңызда әлдекім шылым шегіп отырса, бұған танытатын реакцияңыз әдетте қандай болады?
🎙Сондай-ақ қарашаның үшінші бейсенбісінде UNESCO бастамасымен дүниежүзілік философия күні аталып өтеді. Қазіргі қоғамға философия ауадай қажет. Өйткені адамдар белгілі бір құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді. Ал данышпандардың ойы мен нақыл сөздері аталмыш құндылықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Нақтырақ айтсақ, өмір заңдылықтарымен, қоғам құрылымымен таныстырады, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік береді, ақыл-ой деңгейінің дамуына жол ашады.
Қазақ философтарынан кімді білесіз?
📺21 қарашада БҰҰ бастамасымен Дүниежүзілік телевизия күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда телевизия — адамдарға әсер ете алатын орасан күш. Мереке мақсаттарының бірі — телеарналық бағдарламаларды жариялау, әртүрлі қауіп-қатердің алдын алу, мәдени бағытты дамыту және зорлық-зомбылық, геноцид сынды өрескел тақырыптарға назар аудару. Елімізде алғашқы отандық телевизия 1958 жылдың наурыз айында іске қосылды. Қазіргі таңда 24 телеарна жұмыс істейді.
Барлық телевизия қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
#күнтізбе #21қараша #телевидение