«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 мая, 2023


💃21 мамыр – Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл маңызды әрі жауапты жұмыс. Себебі олар ұлттық мәдениетті сақтап, оның байлығын арттырады. Сондықтан материалдық байлықпен қатар, өмірді үйлесімділік пен мағынаға толтыратын рухани құндылықтар бар екенін әрқашан есте ұстауымыз керек. Айта кетейік, бүгін сонымен қатар БҰҰ-ның бастамасымен Дүниежүзілік мәдени әртүрлілік күні де аталып өтеді. 

Таныстарыңыздың арасында мәдениет және өнер қызметкерлері болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

☕️Бүгін сондай-ақ — Халықаралық шай күні. Оның отаны — Қытай мен Мьянма. Әлемдегі ең танымал сусын туралы алғаш рет 5000 жыл бұрын айтылды. Көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда шай ежелден мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Мұнда шай ішу мен дайындаудың өзіндік дәстүрлері қалыптасқан.

 

Сізге шайдың қай түрі ұнайды? 

🎉2012 жылы 21 мамырда Өзбекстанның Науаи облысы Нұрата ауданында Әйтеке би кесенесі ашылды. Әйтеке би Байбекұлы (Айтық) – қазақ халқының басын біріктіруге зор үлес қосқан қазақтың ұлы биі. Бұл кесене бауырлас халықтар, қазақтар мен өзбектер арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың жарқын бейнесі. Айта кету керек, Ташкенттің орталығында Өзбекстанда және Қазақстанның бірқатар облыстарында «Қарлығаш би» атанған атақты Төле бидің кесенесі де бар.

⚽️1904 жылы 21 мамырда Парижде  FIFA құрылды. Халықаралық футбол федерациясы 211 мемлекетті қамтитын футбол, шағын футбол және жағажай футболының негізгі басқарушы орган. Қазақстан 1994 жылдан бері ФИФА мүшесі болып келеді. Қазір рейтинг бойынша 112-орында тұр. Қазір ұлттық құрамалар рейтингінің алғашқы үштігіне Аргентина, Франция және Бразилия кіреді. 

 

Сіз қай команданың жанкүйерісіз?