«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 июня, 2023


🌕 21 маусым — Жазғы күн тоқырауы. Бұл кезде күн ұзақ, ал түн қысқа болады. Аталмыш күн 20, 21 немесе 22 маусымға дейін жалғасын табадыы. Дәл осы күні Солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн болса, Оңтүстік жарты шарда ең қысқа күн болады. Нақтырақ айтсақ, астрономиялық тұрғыдан бұл уақыт Жердің Солтүстік жарты шарында жаздың, ал Оңтүстік жарты шарда қыстың басы болып есептеледі.

👨‍👩‍👧‍👦 21 маусым селфи күні аталып өтеді. Өзінің алғашқы фотосуретін 1839 жылы Филадельфиядағы Роберт Корнелиус түсірген. Бүгінде осы негіздегі суреттер бүкіл әлемді шарпыды. Сарапшылар суретке түсетін кезде абай болуды ұсынады. Өйткені экстремалға құмар жандардың көпшілігі адам ойламайтын түсініксіз нәрселерді жасауға дайын болып келеді. Мәселен, Астанада 3 жыл бұрын жас жігіт селфи жасап, Есіл өзеніндегі көпірден құлап кетсе, Шымкентте қауіпті қылмыс жасаған күдіктімен суретке түскен полицей жұмысынан қуылды. Жақсы суретке түсу үшін ауыр жарақат алып, ажал құшқан қаншама жағдайлар бар. Сондықтан абай болыңыздар! 

Осы күнге орай оқырмандар арасында “Ең жақсы селфи” байқауын жариялағымыз келеді. Фотосуретіңізді комментарийге қалдырыңыз. Ең көп лайк жинаған адам жеңімпаз атанады. Байқау ертең сағат 10:00-ге дейін жалғасын табады. Жеңімпаз кез келген фильмге 2 билет ұтып алады. Ендеше барлығыңызға сәттілік тілейміз! 

🌿21 маусым — Дүниежүзілік йога күні. Бұл жаттығу денсаулық пен дене бітімін қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар жан тыныштығын үйлесімде ұстауға көмектеседі. 2014 жылы Халықаралық денсаулық сақтау федерациясы йоганың маңыздылығын растап, адамдар өлімінің негізгі себептерінің бірі қозғалыссыз өмір салты екенін еске салады. Осылайша бұл күн 175 елде, соның ішінде Қазақстанда да тойлана бастады.

Йогамен айналысып көрдіңіз бе? 

🎼21 маусым — атақты екі музыканттың туған күні. 67 жыл бұрын қазақ гитаристі, композитор әрі өңдеуші Болат Сыздықов (1956-2016) дүниеге келді. Ол мансап жолын Роза Рымбаеваның гитаристі ретінде бастады. Содан соң A`Studio тобында өнер көрсетті. 1992 жылы Карина Абдулиннамен бірге ол әйгілі Musicola дуэтін құрады. Болаттың туған жері — Қарағанды қаласы.  Жұлдыздар даңғылында атақты өнер иесінің құрметіне орай есімі жазылған тақтайша орнатылды. Сонымен қатар 61 жыл бұрын «Кино» рок-тобының негізін қалаушы және жетекшісі Виктор Цой (1962-1990) дүниеге келді. Ол ықпалды және әйгілі кеңестік рок-музыканттардың бірі. Музыкалық қызметтен бөлек, ол актер ретінде сегіз фильмге түсті. 2018 жылдың 21 маусымында Алматыда Төлебаев көшесінде (Қабанбай-батыр көшесінің қиылысы) «Игла» кинофильмінің соңғы сахнасы түсіріліп, Виктордың туған күніне орай оның кейіпкері Мороға ескерткіш ашылды. 

Егер «Мюзикола» дуэтін білмесеңіз, онда олардың «Арман жолы» әнін міндетт түрде тыңдап көріңіз. https://www.youtube.com/watch?v=761nt47-QDE