«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 июня, 2025


🌝21 маусым — Жазғы күн тоқырауы. Бұл кезде күн ұзақ, ал түн қысқа болады. Аталған күн 20, 21 немесе 22 маусымға дейін жалғасын табады. Осыдан кейін күн қысқарып, түн ұзаруы басталады. Жазғы күн тоқырауы – ежелгі дәуірден-ақ көптеген халықтың күнтізбелік өмірінде маңызды орын алған. Күнге табыну наным-сенімдерінің негізінде тіршілік еткен халықтар үшін бұл ерекше сәт жыл мезгілдерінің алмасуын белгілейтін табиғи бағдар болған.

👏21 маусымда селфи күні аталып өтеді. 1839 жылы өзінің алғашқы фотосуретін Филадельфия тұрғыны Роберт Корнелиус түсірген. Бүгінде осы негіздегі суреттер бүкіл әлемді шарпыды. Алайда мамандар селфи жасау барысында қауіпсіздікті ұмытпауға шақырады. Мәселен, Астанада жас жігіт көпір үстінде селфи жасамақ болып, Есіл өзеніне құлап кеткен еді. Ал Шымкентте қауіпті қылмыс жасаған күдіктімен суретке түскен полицей жұмысынан қуылды. Сонымен қатар жақсы суретке түсу үшін ауыр жарақат алып, ажал құшқан қаншама жағдайлар бар.

😎21 маусым — Дүниежүзілік йога күні. Йога — дене жаттығуы ғана емес, адамның ішкі жан дүниесін тыныштандырып, рухани тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін практика. 2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы йоганың маңыздылығын мойындап, адамдардың ерте өлімінің негізгі себептерінің бірі қозғалыссыз өмір салты екенін еске салды. Бүгінде аталған күн 175-тен астам елде, оның ішінде Қазақстанда да аталып өтеді.

Йогамен айналысып көрдіңіз бе? 

👥21 маусым — атақты екі музыканттың туған күні. 69 жыл бұрын қазақ гитаристі, композитор әрі өңдеуші Болат Сыздықов (1956-2016) дүниеге келді. Ол мансап жолын Роза Рымбаеваның гитарисі ретінде бастады. Содан соң “A`Studio” тобында өнер көрсетті. 1992 жылы Карина Абдулиннамен бірге әйгілі Musicola дуэтін құрады. Болаттың туған жері — Қарағанды қаласы. Жұлдыздар даңғылында атақты өнер иесінің құрметіне орай есімі жазылған тақтайша орнатылды. Сонымен қатар 63 жыл бұрын “Кино” рок-тобының негізін қалаушы және жетекшісі Виктор Цой (1962-1990) өмірге келді. Ол ықпалды және әйгілі кеңестік рок-музыканттардың бірі. Музыкалық қызметтен бөлек, ол актер ретінде сегіз фильмге түсті. 2018 жылдың 21 маусымында Алматыда Төлебаев көшесінде (Қабанбай-батыр көшесінің қиылысы) «Игла» кинофильмінің соңғы сахнасы түсіріліп, Виктордың туған күніне орай оның кейіпкері Мороға ескерткіш ашылды. 

Егер «Мюзикола» дуэтін білмесеңіз, онда олардың «Арман жолы» әнін міндетті түрде тыңдап көріңіз. https://www.youtube.com/watch?v=761nt47-QDE


Читайте также