«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 апреля, 2024


💪Бүгін – Ұлттық қауіпсіздік мекемесіне қатысты арнайы ұйым – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің күні. Мемлекеттік күзет қызметі 1995 жылы құрылды. Ал 2014 жылы оның құрамына Республикалық ұлан мен Президенттің күзет қызметі кірді. Сондай-ақ арнайы мақсатпен “Көкжал” жасағы құрылды. Ұйымның құрылымы мен штат санын Президент жеке өзі бекітеді.

Мемлекеттік күзет қызметіндегі достарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

💫21 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық шығармашылық және инновация күні аталып өтеді. Бұл күннің негізгі мақсаты — адамның шығармашылық қабілетін дамытып, оның талантын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Бүгінде әлемде шығармашылық салаларды капиталдандыру 3,6 трлн. долларды құрайды. Ғылым мен техника саласындағы инновациялық қызмет жер бетіндегі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге, экономикалық салада – аштық пен кедейшілік мәселелерін шешуге ықпал етеді.


🍪Бүгін тәтті әуесқойлары халықаралық пірәнік (прияник) күнін тойлайды. Осыған ұқсас кондитерлік өнім туралы алғашқы деректер ежелгі Египет пен Рим жазбаларында кездеседі. Тарихи тұрғыдан алғанда, пірәнік арнайы мерекенің символына айналды. Өйткені оның құрамы күнделікті арзан заттардан жасалмады. Бүгінгі таңда пірәніктер үлкен және кішкентай болып келеді. Сонымен қатар салмасына бал, қант, джем, жаңғақ және т.б. заттар қосылады.

Сізге пірәніктің қай түрі ұнайды?

💯Бүгін әлемдегі ең көне әрі ең әйгілі қалалардың бірі Рим 2777 жылдығын атап өтеді. Аңыз бойынша, оның негізін қалаушылар ағайынды Ромул мен Рем болды. Олар Тибр өзеніне жаңа колония құру үшін жер іздеуге барды. Қаланың құрылған күні біздің дәуірімізге дейінгі 753 жылдың 21 сәуірі болып есептеледі. Қазір Италияның астанасы — Рим. Оның сәулеті мен өнер туындылары әлемдік мәдениетке орасан зор әсер етті. Ежелгі Форум мен Колизейдің қирандылары Рим империясының бұрынғы ұлылығын көрсетеді. Ватикан Рим-католик шіркеуінің басшылығының орны, Әулие Петр ғибадатханасының және көптеген мұражайымен туристер арасында өте танымал.

Римге барғыңыз келе ме?