«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 сентября, 2024


🌷21 қыркүйек — Дүниежүзілік алғыс айту күні. Кез келген адам айналасындағы жандардан көрсетіп жатқан қамқорлығы мен атқарып жатқан игі істерінің дұрыс бағалануын күтеді. Ризашылық білдіру адамды бақытқа бөлеп қана қоймай, оның күш-жігері мен еңбегінің текке кетпегінін көрсетеді. Алғыс айтқан адамдар үшін де бұл өте пайдалы. Психологтардың айтуы бойынша, ризалық сырқаттанған адамның әл-ауқатын жақсартып, күйзеліс деңгейін төмендетеді және иммунитетті арттырады.

 

Ендеше біз де жылы лебіз білдіріп, ерекше пікірлер жазып отыратын оқырмандарымызға алғыс айтамыз!

 

💫21 қыркүйекте Дүниежүзілік альцгеймермен күрес күні аталып өтеді. Бұл аурудан 50 миллионнан астам адам зардап шегеді. Оның он мыңнан астамы Қазақстанда өмір сүреді. Кәрілік ауры көбінесе 65 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Есте сақтау қабілетінің нашарлауы науқастардың өздері үшін де, жақындары үшін де үлкен қайғы. Сондай–ақ ғалымдар коронавирус дерті альцгеймер мен деменцияның даму қаупін 2,5-3 есе арттыратынын анықтады. 

Көшеде және айналаңызда мәдениетсіз адамдардың көбейгенін байқадыңыз ба?

 

🫗Қыркүйектің үшінші сенбісі — Халықаралық шырын күні. Сарапшылардың сөзінше, шырын дәрумендер мен өмірлік маңызды микроэлементтердің ең пайдалы табиғи көздерінің бірі. Әсіресе, қыс және көктем мезгілінде дәрумен жетіспеушілігенен алдын алу үшін қабылдаған абзал. ДДҰ иммундық жүйені нығайту үшін күніне 0,4 кг жаңа піскен көкөністер мен жемістерді жеуге кеңес береді. Сондай-ақ бұның 20%-ын шырынмен алмастыруға болады.

 

Сізге шырынның қай түрі ұнайды? 

 

👥21 қыркүйек — танымал екі ер адамның туған күні. 120 жыл бұрын актер және режиссер, қазақ театрының негізін қалаушы Қапан Бадыров (1904-1998) дүниеге келді. Қазақстанның Халық әртісі Мұхтар Әуезовтің 21 пьесасында ойнады. Режиссер ретінде А.Әбішевтің «Жолбарыс» пьесасын қойды. Сондай-ақ Қаратай («Амангелді»), Айдар, Сырттан («Абай әні»), Көреген («Алып туралы аңыз»), Сәрсен («Өмір жолдары») фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. «Өткендер мен өткелдер», «Естен кетпес есімдер», «Театр — менің тағдырым» кітаптарының авторы. Сонымен қатар 77 жыл бұрын «Қорқыныштар патшасы» деген лақап атқа ие болған америкалық жазушы Стивен Кинг өмірге келді. Оның кітаптарының 350 миллионнан астам данасы сатылып, көптеген фильмдер түсірілді. Қала берді әртүрлі комикстер пайда болды. Оның кітаптар желісі бойынша түсірілген ең танымал фильмдері: «Побег из Шоушенка”, “Зеленая миля”, “Ловец снов”, “Бегущий человек”.