«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 декабря, 2023


🤔21 желтоқсанда БҰҰ бастамасымен Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенция қабылданды. Бұл құжат барлық мемлекетті нәсілдік кемсітушіліктің алдын алуға, ұлттар мен этникалық топтар арасындағы өзара түсіністікке, төзімділік пен достық қарым-қатынас шараларын қабылдауға міндеттейді. Қазақстан 1992 жылдан бастап БҰҰ-ның мүшесі. Онда 124 ұлттың өкілі бір тудың астында тұрады.

🥙21 желтоқсанда Жапон елінің ұлттық тағамдарын әзірлейтін аспаздар күні аталып өтеді. Соңғы уақытта жапон тағамдарының танымалдылығы артып, экзотикалық тағамды ұнататын жандардың қатары көбейіп келеді. Басқа елдермен қатар Қазақстанда да жапон мейрамханалары ашылып жатыр. Тіпті кез келген дәмхананың ас мәзірінен жапон сушиін, сорпасын және тұздықтарын кездестіруге болады.

Ал сізге жапон асханасы ұнай ма?

 

🧐Бүгін сөзжұмбақтың пайда болған күні. 1913 жылы 21 желтоқсанда New York газетіне алғашқы сөзжұмбақ жарияланды. Осылайша ол көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше танымалдыққа ие болады. Тіпті газеттерде сөзжұмбаққа арналған арнайы бөлімдер пайда болды. Көптеген адам сөзжұмбақты өзін-өзі дамытып, уақытын тиімді пайдалану үшін қолданады. Ал енді бірі таным-көкжиегі мен сөздік қорын кеңейтіп, тапқырлығы мен ойлау қабілетін қалыпқа келтіру үшін мақсатты түрде шешеді. Тіпті түрлі сөзжұмбақты құрастырып, оны шешу бойынша арнайы чемпионаттар мен конкурстар өткізіледі.

Сізге сөзжұмбақ шешкен ұнай ма?

👥21 желтоқсан өмірге келген танымал саясаткерлер. Бүгін Грузия мен Украинаның мемлекеттік әрі саяси қайраткері Михаил Саакашвили 56 жасқа толды. Ол биліктен шеттелуіне себеп болған «Раушан революциясы» жетекшілерінің бірі. 2004-2013 жылдары екі мерзім қатарынан Грузия президенті қызметін атқарды. Ал 2015-2021 жылдар аралығында Украинада маңызды саяси қызметтер атқарды. Оған «Билік өкілетін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылған. Қазіргі уақытта Грузияда қамауда жатыр. Сондай — ақ бүгін Францияның қазіргі президенті және Андорра ханзадасы Эммануэль Макрон 46 жасын атап өтеді. Ол мансап жолын Rothschild & Cie Banque-те инвестиция банкирі ретінде бастады. Мұнда қызмет атқару барысында ол қаржы Моцарты деген лақап атқа ие болды. 2016 жылы «Алға, Республика!” партиясын құрды. 2017 жылы Макрон сайлауда жеңіске жетіп, Франция Республикасының тарихындағы ең жас президент атанды. Өткен жылы екінші мерзімге қайта президент болып сайланды.

 

Сізге қай саясаткер ұнайды: Майкл Саакашвили немесе Эммануэль Макрон?