💪21 желтоқсанда БҰҰ бастамасымен нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық конвенция қабылданды. Бұл құжат әлем халқын нәсілдік кемсітушіліктің алдын алуға міндеттейді. Сонымен қатар ұлттар мен этникалық топтар арасындағы өзара түсіністікке, төзімділік және достық қарым-қатынас шараларын қабылдауға үгіттейді. Қазақстан 1992 жылдан бастап БҰҰ-ның мүшесі. осы ұйым аясында бір тудың астында 124 ұлт өкілі бейбіт өмір сүріп келеді.
👀Бүгін Қысқы күн тоқырауы күні аталып өтеді. Бұл — жылдың ең қысқа күні әрі ең ұзақ түні. Кейбір халық үшін бұл оқиға жазғы күн тоқырауымен, көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуімен бірге жылдық циклде ең маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Бұл күн жаңғырумен байланыстырылады. Өйткені бүгін күннің ұзақтығы артып, қараңғы уақыт қысқара бастайды. Ал Оңтүстік жарты шарда керісінше, бүгін жазғы күн тоқырауы күні тойланады.
Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?
🧠Бүгін сөзжұмбақтың пайда болған күні. 1913 жылы 21 желтоқсанда New York газетіне алғашқы сөзжұмбақ жарияланды. Осылайша ол көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше танымалдыққа ие болады. Тіпті газеттерде сөзжұмбаққа арналған арнайы бөлімдер пайда болды.
Көптеген адам сөзжұмбақты өзін-өзі дамытып, уақытын тиімді пайдалану үшін қолданады. Ал енді бірі таным-көкжиегі мен сөздік қорын кеңейтіп, тапқырлығы мен ойлау қабілетін қалыпқа келтіру үшін мақсатты түрде шешеді. Тіпті түрлі сөзжұмбақты құрастырып, оны шешу бойынша арнайы чемпионаттар мен конкурстар өткізіледі.
Сізге сөзжұмбақ шешкен ұнай ма?
👥21 желтоқсан — танымал екі саясаткердің туған күні. Бүгін Грузия мен Украинаның мемлекеттік әрі саяси қайраткері Михаил Саакашвили 56 жасқа толды. Ол биліктен шеттелуіне себеп болған «Раушан революциясы» жетекшілерінің бірі. 2004-2013 жылдары екі мерзім қатарынан Грузия президенті қызметін атқарды. Ал 2015-2021 жылдар аралығында Украинада маңызды саяси қызметтер атқарды. 2021 жылы отанына оралып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта Грузияда қамауда отыр. Сондай-ақ бүгін Францияның қазіргі президенті және Андорра ханзадасы Эммануэль Макрон 47 жасын атап өтеді. Ол мансап жолын Rothschild & Cie Banque-те инвестиция банкирі ретінде бастады. Мұнда қызмет атқару барысында ол “қаржы Моцарты” деген лақап атқа ие болды. 2016 жылы «Алға, Республика!” партиясын құрды. 2017 жылы Макрон сайлауда жеңіске жетіп, Франция Республикасының тарихындағы ең жас президент атанды. 2022 жылы екінші мерзімге қайта президент болып сайланды.
Сізге қай саясаткер ұнайды: Майкл Саакашвили немесе Эммануэль Макрон?