«Үйде жатпа» күнтізбесі. 21 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 21 Желтоқсан, 2022


☑️Қыстағы тоқырау күні жылдың ең қысқа күні әрі ең ұзақ түні болып есептеледі. Ол – Жердің өз осінен айналуы барысында Күнге көріну мүмкіндігінің мейлінше азаюы. Қысқы күн тоқырауынан кейін күн аспан күмбезі бойынша жылдық қозғалысында экваторға қарай бұрылып, оны көктемгі күн мен түннің теңесетін күні қиып өтеді. Халқымыз мұны қыс ортасы, ең қысқа түн, қыстың алғашқы күні деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жарты шарда астрономиялық қыс басталып, Солтүстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады. Күннің қысқы тоқырауынан соң күннің біртіндеп ұзаруы басталады.

Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?

☑️ Сонымен бірге 21 желтоқсан – Жапон ұлттық тағамын әзірлейтін аспаздар күні. Соңғы уақытта жапон тағамдарының танымалдылығы артып келеді. Осы елдің мейрамханалары көптеп ашылып, тіпті кез келген дәмхананың ас мәзірінде әртүрлі жапон сушиі, сорпа мен тұздықтары бар. Міне, соған байланысты экзотикалық тамақтануды ұнататындар көбейіп келеді.

Ал сізге жапон асханасы ұнай ма?

☑️ Бүгін – Сөзжұмбақ күні аталып өтеді.

Сөзжұмбақты алғаш рет ХХ ғасырдың басында Нью-Йоркте америкалық тілші А. Уинн жасап шығарды. Себебі оған Рождество қарсаңында отбасының барлық мүшесіне қызық дүние ойлап табуға редакция тапсырма берген. Нәтижесінде, оның сөзжұмбағы 1913 жылы 21 желтоқсандағы New York газетіне жарияланады. 

Бұл сөзді ағылшын тілінен аударғанда, cross – сөз, ал word – әріп деген мағынаны білдіреді. Көптеген адам сөзжұмбақты өзін-өзі дамытып, уақытын тиімді пайдалану үшін қолданады. Ал енді бірі таным-көкжиегін кеңейтіп, сөздік қорын көбейтіп, тапқырлығы мен ойлауын қалыпқа келтіру үшін мақсатты түрде шешеді. Тіпті түрлі сөзжұмбақты құрастырып, оны шешу бойынша арнайы чемпионаттар мен конкурстар өткізіледі.

Ал сіз кроссворд шешкенді ұнатасыз ба?

☑️ 21 желтоқсан дүниеге келген танымал саясаткерлер. Бүгін Грузияның 2004-2013 жылдардағы Президенті Михаил Саакашвили 55 жасқа толды. Ол «Раушан революциясының» жетекшілерінің бірі. Соның нәтижесінде Грузияның ескі басшылығы биліктен шеттетілді. Михаил Саакашвили Грузияны 2004-2013 жылдар аралығында басқарды. Ал 2015-2021 жылдар аралығында Украинада маңызды саяси қызметтер атқарды. Ол «Билік өкілетін асыра пайдалану» бабы бойынша айыпталып, алты жыл түрмеге кесілген. Қазіргі уақытта Грузияда қамауда жатыр. 

Сонымен қатар бүгін Франция Республикасы тарихындағы ең жас президент, Франция қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы және Андорра князі – Эммануэль Макрон өзінің 45 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол мансаптық жолын Rothschild & Cie Banque-те инвестициялық банкир ретінде бастады. Осы жерде жұмыс істеу арқылы ол “қаржы Моцарты” деген лақап атқа ие болды. 2017 жылы өткен президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Францияның ең жас президенті атанды. Биыл екінші мерзімге қайта сайланды.

Сізге қайсысы ұнайды? Майкл Саакашвили немесе Эммануэль Макрон?