👤22 ақпан – Халықаралық қылмыс құрбандарын қолдау күні. Бұл күн қылмыс әрекеттерінен зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында белгіленген. Бүгінде әлемде қылмыс құрбандарына көмек көрсететін 200-ге жуық арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Алайда сіздің жеке қолдауыңыз ешқашан артық етпейді. Атаулы күннің тарихы 1990 жылдан басталады. Дәл осы жылы Ұлыбританияның Министрлер кабинеті “Қылмыс құрбандары хартиясын” жариялап, АҚШ-та жәбірленушілерге қатысты сот ісін жүргізудің негізгі қағидаларын қамтитын федералды заң қабылданған еді.
Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
👀Ақпанның соңғы сенбісінде ерекше мереке – қылыш жұту өнері күні аталып өтеді. Бұл өнерді ежелгі үндістер, қытайлықтар және жапондықтар жетік меңгерген. Ол жоғары шеберлікті, дәлдік пен тәжірибені талап етеді. Өйткені кез келген қателік адам өміріне өте қауіпті. Айта кетейік, қылыш жұту өнері медицинаның дамуына да өзіндік үлес қосты. Адам ағзасын зерттеу барысында дәрігерлер асқазан-ішек жолдарын диагностикалауға арналған құралдар мен құрылғыларды алғаш рет осы саланың шеберлері арасында сынақтан өткізген.
🐈Бүгін Жапонияда мысықтар күні аталып өтеді. Жапондықтар мысықтың “нян-нян-нян” деп мияулайтынын айтады. Ал бұл дыбыстау жапон тілінен “екі-екі-екі” деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты бұл мереке екінші айдың жиырма екінші жұлдызында аталып өтеді. Айта кетейік, бұл күні арнайы атқарушы комитет мысықтардың әдеттері мен сүйікті тағамдары туралы әңгімелейді.
Қазақстанда мысықтар күні болғанын қалайсыз ба?
👥22 ақпан — танымал қос тұлғаның туған күні. 293 жыл бұрын АҚШ-тың алғашқы президенті әрі елдің негізін қалаушылардың бірі Джордж Вашингтон (1732-1799) дүниеге келді. Америкалықтардың санасында ол көрнекті әскери қолбасшы және Тәуелсіздік соғысы аяқталғаннан кейін биліктен өз еркімен бас тартқан көшбасшы ретінде сақталды. Себебі Вашингтон жеке билік үшін емес, қоғам бостандығы үшін күрескен көшбасшы еді. Сонымен қатар 103 жыл бұрын қазақ кинорежиссері, сценарист әрі актер Мәжит Бегалин (1922-1978) өмірге келді. Ол — өз замандастары туралы және ХХ ғасырдың соңындағы қазақ еңбекшілері туралы көркем фильмдердің авторы. Мәжиттің режиссерлік шеберлігі Шоқан Уәлиханов, Бауыржан Момышұлы және Мәншүк Мәметова туралы тарихи-биографиялық жанрдағы фильмдерде де көрініс тапты. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері көптеген кәсіби сыйлықтардың лауреаты атанды.
Джордж Вашингтон доллардың қай купюрасында бейнеленген?