«Үйде жатпа» күнтізбесі. 22 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 22 мая, 2024


🦎22 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық биологиялық әртүрлілік күні аталып өтеді. Биоәртүрлілік — жер бетіндегі тіршіліктің алуан түрлілігін көрсетеді. Өсімдіктер өліп жатыр, жануарлар мен ормандар жер бетінен жоғалып жатыр. Мұның көп бөлігі адам әрекетінен туындап жатыр. Қазір Қазақстанның Қызыл кітабына 400-ге жуық өсімдік пен 130 жануар енгізілген.

Болашақ ұрпақ үшін табиғатымызды сақтайық!


🦷Бүгін тіс пастасы салынған сықпаның пайда болған күні. Ежелгі заманда адамзат негізінен тіс ұнтағын пайдаланды. Ал 1892 жылы 22 мамырда америкалық тіс дәрігері Вашингтон Шеффилд металл қорап түріндегі ыңғайлы пакетті ойлап тауып, тіс ұнтағын қолданыстан жойды. Әлеуметтанушылардың сауалнамаларына сәйкес, көптеген елде тіс пастасы мен щетка адамзаттың ең маңызды өнертабыстарының бірі болып саналады. Алайда мына жағдайды да ескеру керек. Себебі ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіс асқазан-ішек жолдарының жағдайына байланысты болады.

Сіз тіс пастасының қай түрін қолданасыз?

👍Бүгін детектив әуесқойлары Шерлок Холмс күнін атап өтеді. 22 мамырда Ирландиядан шыққан ағылшын жазушысы, осы тамаша кейіпкерді жасаушы Артур Конан Дойл (1859-1930) дүниеге келді. Дойлдың Шерлок Холмс туралы алғашқы әңгімесі тұңғыш рет 1887 жылы баспада пайда болды. Кейінгі әңгімелері қырық жыл бойы, автор қайтыс болғанға дейін жариялана берді. Дойл Шерлок Холмс туралы 60 әңгіме жазды.

Ал сізге Шерлок Холмс жайлы қай әңгіме ұнады?

👥22 мамыр — қос тұлғаның туған күні. Бүгін британдық супермодель әрі кино актрисасы Наоми Кэмпбелл 54 жасқа толды. Ол 15 жасынан бастап подиумға шығып, өнер көрсетті. Сондай-ақ Vogue және Time журналдарының мұқабаларына шыққан алғашқы қара нәсілді қыз атанды. Өнер иесі 20-дан астам фильмде ойнады. Сонымен қатар бүгін сербиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович 37 жасқа толды. Теннисші — 24 мәрте “Үлкен дулығаны” және 38 рет “Шебер” марапатын жеңіп алған үздіктердің бірі. Ол теннис тарихында 181 миллион доллардан астам жүлделі қаражатқа ие болып, бірінші орында тұр.

Сіз кімнің жанкүйерісіз: Новак Джокович әлде Рафаэль Надаль?