«Үйде жатпа» күнтізбесі. 22 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 22 июня, 2023


🎗Бүгін – Ұлы Отан соғысының басталған күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО-ға басып кірді. 4 жылға созылған соғыс миллиондаған адамның өмірін қиды. 6 миллион 200 мың халқы бар Қазақстан азаматтардың 20 пайызын майданға аттандырса, соның ішінде әрбір үшінші адам қаза тапты. 500-ден астам жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.

⭐️ 2014 жылы 22 маусымда Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді. Жібек жолын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы Қазақстан, Қытай және Қырғызстанның бірлескен өтінімі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дохадағы білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі комитетінің 38-ші сессиясында бекітілді. Өтінімге Жібек жолы бойында орналасқан 33 тарихи ескерткіш енгізілген. Оның 22-сі Қытайда, 8-і Қазақстанда және 3-еуі Қырғызстанда. 

🍫22 маусым тәтті әуесқойлары шоколадты эклэр күнін атап өтеді. Эклер француз тілінен аударғанда «найзағай жарқылы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, қараусыз қалған жағдайда тағамның жоғалу жылдамдығын сипаттайды. Оны Наполеонның аспазшысы Мари-Антуан Карему ойлап тапты. Каремудың мәзірі бойынша эклер ұзындығы 14 сантиметр болуы керек. Әр елде бұл өнімді дайындаудың өз жолы бар. Қазақстанда эклер дәстүрлі атауын сақтап қалса, Испанияда бұл бәліштер «пепито» деп аталады.

 

Сізге қайсы ұнайды: эклер немесе кекс? 

💅22 маусым өмірге келген танымал әйелдер. Бүгін қазақтың белгілі өнер қайраткері Амангүл Иханова 75 жасқа толды. Ол теріден сурет салудың жаңа әдісін патенттеген автор. Суретшінің жұмыстары көптеген елдің мұражайлары мен жеке коллекцияларында, соның ішінде Англия королі мен Нью-Йорктегі БҰҰ Орталық ғимаратында сақталған. Өнер иесі АҚШ президенті Картердің, Испания королі Хуан IV-тің, Франкфурт-на-Майне мэрінің және Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар бүгін америкалық театр және кино актрисасы Мерил Стрип 74 жасын атап өтеді. Кино мамандары мен сыншылары оны біздің заманымыздың ең ұлы актрисаларының бірі екенін атап өтті. 

 

Сізге Мерил Стриптің қай фильмі ұнайды?