«Үйде жатпа» күнтізбесі. 22 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 22 Маусым, 2022


☑️ Бүгін еске алу және қайғы-қасірет күні – Ұлы Отан соғысының басталған күні. 1941 жылы 22-ші маусымда фашистік Германия соғыс жарияламай КСРО шекарасын бұзды. Соғыс 5 жылға созылды және миллиондаған азаматтардың өмірін қиды. Халқы тек 6,2 млн адамды құраған Қазақ елі өз азаматтарының 20%-ын майданға жіберді. Әрбір 3-ші қазақ азаматы қаза тапты. 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды.

☑️ 1948 жылдың 22-ші маусымында қазақтың әйгілі суретшісі Амангүл Иханова дүниеге келді. «Кушкон» былғары картиналарын жасаудың жаңа патенттелген әдісінің авторы. 1976 жылдан бастап республикалық және халықаралық көрмелерге қатысады. Оның жұмыстары көптеген мұражайлардың қорларында және әр түрлі елдердің жеке коллекцияларында, соның ішінде Англия патшайымы Елизаветаның коллекциясында бар. Сретшінің алғашқы туындыларының бірі Нью-Йорктегі БҰҰ орталық ғимаратының залын безендіреді. КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Украина Суретшілер Одағының, Еуропалық өнер орталығының құрметті мүшесі. АҚШ Президенті Дж. Картер, Испан королі Хуан IV, Майндағы Франкфурт қаласының мэриясы, Ұлыбритания патшайымы Елизавета, БҰҰ тарапынан алғыс хаттары бар.

☑️ 1986 жылы 22-ші маусымда аргентиналық футболшы Диего Марадона Мексикадағы Әлем чемпионатында Англия құрамасының қақпасына қолымен және бәрін алдап өтіп, дубль соқты. Бұл ¼ финалдық матч болды, онда Марадона командасы 2:1 есебімен жеңді. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында аргентиналық: «гол ішінара Құдайдың қолымен, ішінара Марадонаның басымен соғылды», – деп күлді. Осы матч төрешілері барлық халықаралық жарыстардан шеттетілді. Ұлы аргентиналық бірнеше жылдан кейін қолымен ойнағанын мойындады. Аргентина құрамасы сол Әлем чемпионатын жеңіп алды, ал Диего турнирдің үздік ойыншысы атанды. Оның екінші голы әлі күнге дейін мундиаль тарихындағы үздік гол болып саналады.

☑️ Бүгін екі шығармашылық тұлғаның туған күні. 1898 жылы 22 маусымда неміс жазушысы, «жоғалған ұрпақтың» өкілі Эрих Мария Ремарк дүниеге келді. Оның «Батыс майданында өзгеріссіз» романы (1929) ХХ ғасырдың ең танымал соғысқа қарсы романы болып саналады. Бүгін Мерил Стрип 73 жасқа толды. Ол американдық театр, кино, теледидар актрисасы, кино продюсері. Кинотанушылар мен сыншылар біздің заманымыздың ең үлкен актрисаларының бірі деп атайды. Ол «Оскар» сыйлығының үш мәрте иегері, және де көптеген басқа марапаттар иегері. «Дьявол носит Prada», «Мамма миа!», «Железная леди» және т.б фильмдерімен танымал.