🧠Бүгін — Дүниежүзілік ми күні. 1957 жылы 22 шілдеде Брюссельде Дүниежүзілік неврология федерациясы құрылды. Оған қазіргі таңда 120-дан астам елдің невропатологтарының кәсіби қауымдастығы кіреді. Ми бұлшық ет болмаса да, оның дұрыс жұмыс істеуі үшін невропатологтардың ұсыныстарын орындау қажет. Нақтырақ айтсақ, тұрақты психикалық стресс, спортпен айналысу, алкоголь мен темекіден бас тарту, дұрыс тамақтану және т.б жатады.
🥸2014 жылдың 22 шілдесінде Қазақстанның тағы сегіз тарихи орны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Бұл тізімге Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Ақтөбе — Степнин елді мекендері, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек елді мекендері кіреді. Аталмыш нысандар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, Таңбалы петроглифтеріне, Сарыарқаның көлдері мен далаларына қосылды. 2016 жылы оларға Батыс Тянь-Шань ұлттық қорықтары қосылды.
Сіз осы нысандардың қайсысында болдыңыз?
👍22 шілде – Еңбек күні. Бұл күн жұмыста үнемі ұзақ қалатын, мансап жолында өсу үшін отбасымен және достарымен демалыс күнін алмастыруға дайын адамдарға арналған. Сол себепті бүгін еңбекқор адамдардың қаншалықты маңызды жұмысы болса да, оларға демалуға және жұмыстан бір сәтке бас тартуға көмектесіңіз. Өмірде ерлі-зайыптылардың бірі жұмысқа шамадан тыс берілгендіктен, некелері жиі бұзылып жататынын атап өткен жөн.
Егер еңбекқор жандарды білсеңіз, оларға бүгінгі күн туралы ескертіп қойыңыз!
👥22 шілдеде өмірге келген танымал шығармашыл тұлғалар. Бүгін қазақстандық әнші әрі ұстаз Лаки Кесоғлу 85 жасқа толды. Халық әртісі және “Қазақстанның ең танымал грекі” Қазақ радиосы мен теледидарының оркестрімен 400 ән жазды. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса, әнші, ән авторы және модель Селена Гомес 32 жасын атап өтеді. Өнер иесінің instagram желісінде ең көп оқырманы бар тұлғалардың бірі. Бүгінде оны 426 миллион адам оқиды.
Ал сіз Селена Гомеске жазылғансыз ба?