«Үйде жатпа» күнтізбесі. 22 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 22 Тамыз, 2023


🗣1909 жылы 22 тамызда Уфада Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ!” өлеңдер жинағы жарық көрді. Кітап орыс билігінің қазақ жерінде жүргізген саясатын баяндайтын қазақ зиялыларының халыққа үндеуі қызметін атқарды. Шығарманың отаршылдыққа қарсы бағытталуына байланысты таралымы тоқтап, автор патша билігінің қуғын-сүргініне ұшырады. Кітап 1911 жылы қайта басылып шықты. Сол үшін автор тағы да екі жылға сотталды.


✍️1864 жылы 22 тамызда Швейцарияда 16 мемлекеттің өкілдері соғысушы елдердің жараланған жауынгерлеріне көмек көрсетуді қарастыратын әйгілі Женева конвенциясына қол қойды. Конвенция ұрыс қимылдары кезінде әскери госпитальдар мен медицина қызметкерлерінің қол сұғылмауына кепілдік берді. Сәйкестендіру белгілері ақ орамалдағы қызыл жарты ай мен қызыл крест болды. Осылайша Қызыл Жарты Ай мен Қызыл Кресттің халықаралық ұйымдары өз атын алды.

🏅2012 жылдың 22 тамызында қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев Буэнос-Айресте өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ музыкант Португалия, Германия, Ресейде төрт жоғары халықаралық сыйлықтың иегері атанды. Австрия, Бельгия, Германия, Греция, Испания, Италия, Кувейт, Латвия, Мексика, Польша, Португалия, Ресей, Украина, Франция, Жапонияда концерттер берді. Ержан қазір Испанияда тұратынына қарамастан, жыл сайын Қазақстанның көптеген қаласында концерт береді.

Тағы қандай қазақ скрипкашыларын білесіз?

👥22 тамыз – танымал екі адамның туған күні. 77 жыл бұрын ақын, жырау Көшеней Рүстембекұлы (1946-1973) дүниеге келді. Өнер иесі “Көроғлы”, “Рүстем-дастан”, “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр”, “Қыз Жібек” сияқты эпикалық шығармалардың мәтіндерін жатқа айтып, дәлме-дәл жаңғыртқан. Өлеңдері “Қазақтың қазіргі халық поэзиясы”, “Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы” газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар әйгілі “Құлагер” фильмінде Ақан серінің ұлының рөлін сомдаған. 103 жыл бұрын “451 градус по Фаренгейту” антиутопиясымен, “Марсианские хроники” қысқа әңгімелерімен және “Вино из одуванчиков” романымен танымал американдық жазушы Рэй Брэдбери (1920-2012) дүниеге келді. Классиктің басты жетістігі – ол оқырмандардың ғылыми фантастика мен қиял жанрына деген қызығушылығын оята алды.

Сізге әдеби жанрдың қай түрі көбірек ұнайды?