🥸1909 жылы 22 тамызда Уфада Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ!” өлеңдер жинағы жарық көрді. Кітап орыс билігінің қазақ жерінде жүргізген саясатын баяндайтын қазақ зиялыларының халыққа үндеуі қызметін атқарды. Шығарманың отаршылдыққа қарсы бағытталуына байланысты таралымы тоқтап, автор патша билігінің қуғын-сүргініне ұшырады. Кітап 1911 жылы қайта басылып шығып, ол 2 жылға қамауға алынды.
😆1864 жылы 22 тамызда Швейцарияда 16 мемлекеттің өкілі соғыс жүріп жатқан елдердің жарақат алған жауынгерлеріне көмек көрсетуді көздейтін әйгілі “Женева конвенциясына”қол қойды. Конвенция ұрыс-қимылдары кезінде әскери госпитальдар мен медицина қызметкерлеріне ешқандай зиян келмейтініне кепілдік берді. Оларды айшықтап тұратын екі белгі болды. Ақ орамалдағы қызыл жарты ай және қызыл крест болды. Осылайша Қызыл Жарты Ай мен Қызыл Кресттің халықаралық ұйымдары өз атауын алды.
💪2012 жылдың 22 тамызында қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев Буэнос-Айресте өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ музыкант Португалия, Германия, Ресейде төрт жоғары халықаралық сыйлықтың иегері атанды. Австрия, Бельгия, Германия, Греция, Испания, Италия, Кувейт, Латвия, Мексика, Польша, Португалия, Ресей, Украина, Франция, Жапонияда концерттер берді. Ержан қазір Испанияда тұратынына қарамастан, жыл сайын Қазақстанның көптеген қаласында концерт береді.
Тағы қандай қазақ скрипкашыларын білесіз?
👥22 тамыз — танымал екі адамның туған күні. 78 жыл бұрын ақын, жырау Көшеней Рүстембекұлы (1946-1973) дүниеге келді. Өнер иесі “Көроғлы”, “Рүстем-дастан”, “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр”, “Қыз Жібек” сияқты эпикалық шығармалардың мәтіндерін жатқа айтып, дәлме-дәл жаңғыртқан. Өлеңдері “Қазақтың қазіргі халық поэзиясы”, “Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы” газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар әйгілі “Құлагер” фильмінде Ақан серінің ұлының рөлін сомдаған. 104 жыл бұрын “451 градус по Фаренгейту” антиутопиясымен, “Марсианские хроники” қысқа әңгімелерімен және “Вино из одуванчиков” романымен танымал америкалық жазушы Рэй Брэдбери (1920-2012) дүниеге келді. Классиктің басты жетістігі — ол оқырмандардың ғылыми фантастика мен қиял жанрына деген қызығушылығын оята алды.
Сізге әдеби жанрдың қай түрі көбірек ұнайды?