👀1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданды. Бұл сол кезде әлі егемендігін алмаған Қазақстанның ана тілін білудің маңыздылығын жариялаған алғашқы құжаты болды. Мұнда қазақ тілі мәртебесіне ие болған “мемлекеттік тіл” ұғымы енгізілді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы тіл саясаты тұжырымдамасы мемлекеттік тіл арқылы барша қазақстандықты біріктіруге бағытталған.
🚗22 қыркүйекте Дүниежүзілік көліксіз жүру күні аталып өтеді. Бұл мерекенің мақсаты – қоғамдық көлікті пайдаланудың экологиялық пайдасын, сондай-ақ жаяу және велосипедпен жүрудің денсаулыққа тигізетін әсерін түсіндіру. Тым көп көлік Жер мен адам экологиясына үлкен зиянын келтіреді. Дүниежүзінде күн сайын 3000-нан астам адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмса, өндіріс желісінен минут сайын автомобильдер шығады екен. Бүгінде аталмыш акцияға 35 ел 1500 қаладан 100 миллионнан астам адам қатысуда.
Сіз бір күніңізді көліксіз өткізе аласыз ба?
🐘22 қыркүйекте әлемде екі жануардың мерекесі аталып өтеді. Бұл — Дүниежүзілік пілдерді қорғау күні және Дүниежүзілік мүйізтұмсықтар күні. Мереке құрлықтағы ең ірі сүтқоректілер санының күрт азаюына алаңдаған экологтардың бастамасымен белгіленді. Адамның іс-әрекеті барлық жабайы жануардың табиғи мекендеу ортасын қысқартуда. Сонымен қатар алып жануарлардың да азу тістері, мүйіздері мен сүйектерін көздейтін браконьерлік нысандар да көбейіп кетті.
Сізге қай жануар ұнайды: піл немесе мүйізтұмсық?
👥22 қыркүйек — танымал екі ер адамның туған күні. 116 жыл бұрын қазақ ақыны және аудармашысы Тайыр Жароков (1908-1965) дүниеге келді. Көптеген жыр жинақтың авторы қазақ әдебиетіне жаңашылдық енгізді. Нақтырақ айтсақ, қазақ поэзиясының тақырыптары мен формаларының ауқымын кеңейтіп, қазақ поэзиясының жаңаруына ықпал етті. Алматыдағы орталықтардың бірі ақынның құрметінғ орай аталған. Сонымен қатар бүгін итальяндық әнші, классикалық және танымал музыка орындаушысы Андреа Бочелли 66 жасқа толды. Лирикалық тенор альбомдарының 80 миллион данасын сатты. Оның әртүрлі топтан миллиондаған жанкүйері бар. Атап айтатын болсақ, президенттер мен діни қызметкерлер, актерлер мен үй шаруасындағы әйелдер. Андреа Қазақстанға бірнеше рет гастрольдік сапармен келді.