«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 февраля, 2024


🤷‍♀️ Ақпан айының соңғы жұмасында халықаралық кемсітуге қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күн мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста қоғамның қысымы мен мазағына ұшыраған құрбандарға арналады. Сырттай немесе іштей айналасындағылардан ерекшеленетін, мінезі жұмсақ адамдар көп жағдайда көпшіліктен қорлық көріп жатады. Моральдық қысым физикалық қорлаумен бірдей қарастырылатын зорлық-зомбылықтың бір түрі. Сол себепті аталмыш күн физикалық әрі эмоционалдық қысымға ұшыраған құрбандарға қолдау көрсетуге бағытталады. 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

🕊 Бүгін — Дүниежүзілік өзара түсіністік пен бейбітшілік күні. 1905 жылы 23 ақпанда Чикагоның төрт тұрғыны достық кездесуде халықаралық Rotary International клубын құру туралы шешім қабылдады. Оның басты мақсаты нәсіліне, ұлтына, дініне және саяси көзқарастарына қарамастан, әлем тұрғындарының өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын күшейту. Бүгінде дүниежүзінде, соның ішінде Қазақстанда 33 000-ға жуық Rotary International филиалы бар.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

🏛 1995 жылы 23 ақпанда Лондонда Абай үйі ашылды. Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдени орталығында әдеби кештер мен әлемдік мәдениет қайраткерлерімен кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Лондондағы Абай үйінің негізін қалаушы — қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев.

Тағы қай қалаларда Абай үйі бар? 


👥 23 ақпан өмірге келген атақты әйелдер. Бүгін қазақстандық скрипкашы Гауһар Мурзабекова 68 жасқа толды. Ол — “Camerata Kazakhstan” мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі әрі солисі. Парижде өткен халықаралық камералық ансамбльдер байқауының лауреаты. Сонымен бірге бүгін америкалық актриса және модель Дакота Фэннинг 30 жас мерейтойын атап өтеді. Ол актерлік мансабын 6 жасында бастады. Осылайша 60-тан астам фильмдер мен телехикаяларға түсті. Көпшілік оны “Қаһар” және “Әлемдер соғысы” фильмдерінен таниды.  Дакота Фэннинг көптеген марапаттың ие болды. Қала берді “АҚШ-тың киноактерлеріне арналған Гильдияның” ең жас үміткері. 

 

Сізге Дакота Фаннингтің қандай фильмі ұнайды?