«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 24 февраля, 2024


🪖 108 жыл бұрын Торғай көтерісшілерінің жазалаушы патша әскерлеріне қарсы ең күрделі әрі шешуші шайқасы Доғалдағы соғыс болды. Мұнда Амангелді Имановпен бірге, Атамбеков Ыбырай және Кейкі Күкімов те ерлік көрсетті. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген бұл оқиға 1916 жылғы Орталық Азия көтерілісі кезінде Торғай көтерілісшілерінің Ресей империясына  қарсы соңғы қақтығысы болды.

🕺 Ақпан айының соңғы сенбісінде дүниежүзілік қылыш жұту күні аталып өтеді. Өнердің бұл түрі ежелгі үндістерден, қытайлардан және жапондықтардан бастау алды. Қылыш жұту — жоғары біліктілік пен дәлдікті талап етеді. Олардың шеберлігі медицинаның дамуына да зор үлес қосты. Себебі асқазан-ішек жолдарын диагностикалауға арналған құралдар осы өнерді білетін мамандармен сыналды.

👀 Бүгін лотереяның пайда болған күні. 1466 жылы 24 ақпанда Бельгияның Брюгге қаласында жесір суретші Ян ван Эйк ұйымдастырған алғашқы сурет лотереясы өтті. Аталмыш лотерея күйеуінің қайтыс болғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Іс-шарадан түскен қаражаттың басым бөлігі қаладағы кедейлерге қайырымдылық мақсатында жұмсалды. Ал жалпы ойын тарихындағы ең жоғары сомадағы джекпот 640 миллион долларды құрады. Ұтыс ойынын америкалық Mega Millions компаниясы ұйымдастырды.

 

Сіз лотерея ұтып көрдіңіз бе?

👥 24 ақпан өмірге келген танымал адамдар. 69 жыл бұрын америкалық кәсіпкер, өнертапқыш және өнеркәсіптік дизайнер Стивен Джобс (1955-2011) дүниеге келді. Apple негізін қалаушылардың бірі ақпараттық технологиялар дәуірінің аға буыны. Ол қазіргі таңда көпшілік қолданып жүрген көптеген инновациялық және концептуалды электронды құрылғыларды ойлап тапты. Сонымен бірге бүгін үлкен ареналарда ешқашан жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Флойд Мейвезер 47 жасқа толды. Спортшы кәсіпқой рингте 50 жекпе-жек өткізіп, 50 мәрте жеңіске жетті. Оның 27-сін нокаутқа түсірді. Ал 2013 жылы Сауль “Канело” Альваресті ойсырата жеңді. Боксшының лақап аты — “Money”. Флойдтың байлығы 1 миллиард доллардан асады. Конор Макгрегормен жекпе-жек үшін 350 миллион, ал Мэнни Пакьяомен өткізген жекпе-жектен 300 миллион табыс тапқан.

Сіз қандай Apple өнімін пайдаланасыз?