«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 Ақпан, 2023


☑️ Бүгін – Дүниежүзілік өзара түсіністік әрі бейбітшілік күні. 1905 жылы 23 ақпанда Чикагоның төрт тұрғыны достық кездесуде халықаралық Ротари деп аталатын іскер адамдардың достық пен ынтымақтастықтың халықаралық клубын құру туралы шешім қабылдады. Оның басты мақсаты – нәсіліне, ұлтына, дініне және саяси көзқарастарына қарамастан, әлем тұрғындарының өзара түсіністігін күшейту. Бүгінде дүние жүзінде, соның ішінде Қазақстанда 33 000-ға жуық Rotary International филиалдары бар.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

☑️ 1995 жылы 23 ақпан – Лондонда Абай үйі ашылды. Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдени орталығында әдеби кештер мен әлемдік мәдениет қайраткерлерімен кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Лондондағы Абай үйінің негізін қалаушы – қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев.

Тағы қай қалаларда Абай үйі бар? 

☑️ Бүгін көңілді мерекелердің бірі – Жастықпен ойын күні. Жастықпен ойын – қиындықтар мен сәтсіздіктерге жеңіл қарауға көмектеседі. Сондай-ақ аталмыш мереке қыстан кейінгі көңіл күйдің көтерілуіне және күйзелістен арылуға әсер етеді. 

☑️ 23 ақпан өмірге келген атақты әйелдер. Бүгін қазақстандық скрипкашы – Гауһар Мурзабекова 67 жасқа толды. Ол – «Camerata Kazakhstan» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі әрі солисті. Парижде өткен халықаралық камералық ансамбльдер байқауының лауреаты. 

Сонымен бірге бүгін американдық актриса және модель – Дакота Фэннинг 29 жасқа толды. Ол актерлік мансабын 6 жасында бастады. Осылайша 60-тан астам фильмдер мен телехикаяларға түсті. Көпшілік оны «Қаһар» және «Әлемдер соғысы» фильмдерімен таниды.  Дакота Фэннинг – көптеген марапаттың иегері және Экран актерлер гильдиясы сыйлығына ең жас үміткер. 

 

Сізге Дакота Фаннингтің қандай фильмі ұнайды?