✍️ 23 қаңтар бүкіл әлемде Жазу күні аталып өтеді. Смартфондар мен компьютерлердің және басқа да жылдам байланыс құралдарының танымалдығының артуы нәтижесінде адамдар өз ойын қағаз бетіне түсіріп, қолмен жазу мүмкіндігінен алшақтатып қалды. Қолмен жазудың мыңдаған жылдық тарихы бар. Адамдар бір-бірінің мінезін және табиғатын қолжазба арқылы анықтауға тырысты. Ал Аристотель мен итальялық ұлы ойшылдар жазудың адамның рухани әлемімен байланысы туралы өз ойларын білдірді.
Сіз қазіргі таңда қолмен жазасыз ба?
🤭 Бүгін тағам әуесқойлары дүниежүзілік бәліш күнін атап өтеді. Мереке қарсаңында АҚШ-та бәліштен чемпионат өтеді. Әр елдің мәдениетіне байланысты бәліштің дайындалу жолы мен салмасы әртүрлі болып келеді. Сол себепті дәмі де ерекше болады. Бүгін сүйікті бәлішіңізді пісіру үшін керемет күн. Мәселен, кешкі ас кезінде отбасыңызды тәттімен қуантып, көтеріңкі көңіл күй сыйлай аласыз.
Бәлішке қандай салма салғанды ұнатасыз?
🥸 23 қаңтар — Дүниежүзілік өсек күні. Бұл — ең көңілді мерекелердің бірі. Сыбыс көбіне жағымсыз жағдайлармен байланысты болғандықтан, олардың пайда болу көзі белгісіз. Жасыратыны жоқ, әйелдер ер адамдарға қарағанда әлдеқайда көп сөйлейді және таныстарының жеке өмірін, маңызды оқиғаларды, достары мен туыстарының мінез-құлқын сағаттап талқылай береді. Бұл расталмаған ақпаратқа негізделсе де, көп жағдайда қоғамның қызу талқысына түседі. Әлеуметтік желілердің дамуына байланысты блогерлер мен шығармашылық маман өкілдері өзге адамдардың назарын аудару үшін қауесеттерді жиі пайдаланады.
Сіз таратылатын қауесетке сенесіз бе?:)
🤩 23 қаңтар атақты екі тұлғаның туған күні. 241 жыл бұрын француз жазушысы, өнертанушы, дипломат, психологиялық романның негізін қалаушылардың бірі Стендаль (1783-1842) дүниеге келді. Оның негізгі көркем шығармалары: “Қызыл және қара”, “Парма монастырьі” және “Люсьен Левен” романы, “Анри Брулардтың өмірі” және “Эготисттің естеліктері” автобиографиялық әңгімелері, сондай-ақ “Итальяндық шежірелер” новелл циклін атап өтуге болады. Сондай-ақ бүгін күйші, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Ылкенбаева 62 жасқа толды. Өнер иесі мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Құрманғазы, қазылар алқасының құрметті мүшесі, ірі республикалық және халықаралық байқауларда комиссия төрағасы.
#күнтізбе #23қаңтар #жазу