«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 ноября, 2023


🚓Бүгін — Қазақстанның жол полициясы күні. Егеменді Қазақстанда Мемлекеттік автоинспекция туралы алғашқы ереже 1992 жылы 23 қарашада ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен бекітілді. 1996 жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар азаматтарды жолдағы кез келген қылмыстық қауіп-қатерлерден қорғау міндеттері қосылып, Мемлекеттік автоинспекция Жол полициясы болып аталды. 2013 жылы Жол полициясы Әкімшілік-патрульдік полициямен біріктіріліп, оның әмбебаптылығын арттырды. 

 

Жол сақшыларын білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз! 

✍️23 қарашада сурет әуесқойлары халықаралық акварель күнін атап өтеді. Бұл мерекеге мексикалық суретші Альфредо Гуати Рохо (1918-2003) бастамашылық етті. Сурет салу — өнердің ең көне түрі. Адамзат қауымының үңгірдегі алғашқы суреттері біздің дәуірімізге дейінгі жүз мыңдаған жылдарға жатады. Кейіннен адамдар үйлерін, қару-жарақтарын, киімдерін, тұрмыстық заттарын, тіпті өз денесін түрлі ою-өрнектермен безендіре бастады. Өнерде қолданылатын материалдар заман талабына байланысты жетілдіріліп отырды. Ал бүгінгі таңда кең таралған әрі қолжетімді бояу — акварель.

Қазақ суретшілерінен кімді білесіз?

💪Бүгін Халықаралық жазасыздыққа қарсы күрес күні аталып өтеді. 2009 жылы 23 қарашада Филиппинде 58 адам ұрланып, ажал құшты. Оның ішінде 32 журналист болды. Бұл — тарихта соңғы рет жасалған БАҚ қызметкерлеріне қарсы ең ауыр қылмыс. Аталмыш күннің мақсаты — сөз бостандығы құқығын пайдаланғаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың әділдігіне қол жеткізу, сондай-ақ ауыр қылмыс жасаған адамдардың жазасын алу мәселесіне қоғамның назарын аудару.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

👥23 қараша өмірге келген танымал ер адамдар. Бүгін «Қазақ Далиі» деп аталатын суретші Есімғали Жұманов 77 жасқа толды. Ол 200-ден астам танымал туындының авторы. Оның жұмысы Парижде, Тегеранда, Мәскеуде, Магдебургте өткен халықаралық көрмелерде қойылды. Өнер иесінің жұмысында суреттер мистикалық сюрреализммен үндеседі. Ол қазақ суретшілерінің бірнеше ұрпағын білім нәрімен сусындатты. Сондай-ақ бүгін француз актері әрі продюсері Венсан Кассель 57 жасын атап өтеді. Ол 70 фильмге түсу арқылы өзінің туған жері Франция мен Голливудта да кеңінен танылды.  Суретшінің харизмасы мен табиғи таланты оны әлемге әйгілі және еуропалық киноның басты «бұзақысы» етті.

 

Сізге қай Винсент Кассель фильмі ұнайды?