🐆23 қазан — Халықаралық барыс күні. Орталық Азияның биік таулы аймақтарында өмір сүретін ерекше жануар Қызыл кітапқа енгізілген. Себебі оның саны аз және жойылып кету қаупі бар. Барысты аулауға ол мекендейтін барлық елде тыйым салынған. Алайда оның сирек кездесетін түсі мен жүнінің құндылығы заңсыз аулайтын браконьерлердің маңызды нысанына айналды. Әлемдегі барыс популяциясының жалпы саны шамамен 3 мың түрді құрайды.
Барыс — Қазақстанның негізгі символдарының бірі. Еліміздің бұл ерекшелігі сізге ұнай ма?
😇2021 жылы 23 қазанда Берлинде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды. Мүсіннің авторы — «Әлем халықтарының өнері» халықаралық ассоциациясының лауреаты, мүсінші Болат Мекебаев. Абай аудармасының арқасында халық Иоганн Гетенің біршама туындысымен етене танысты. Еске салайық, сондай-ақ Германияда Абай атындағы көше бар, ал Мажарстан, Оңтүстік Корея Республикасы, Франция, Түркия, Өзбекстан, Мысыр, Ресей Федерациясында ұлы ақынның ескерткіші бой көтерген.
👀23 қазан — Халықаралық Кабуки синдромы туралы хабардар ету күні. Өте сирек кездесетін аурудың атауы сыртқы келбетке байланысты алынған. Себебі ауырып жүрген науқастың бет-әлпеті жапондық Кабуки театрының макияж жасалған актерлеріне ұқсас келеді. Бұл синдромды емдеудің арнайы жүйесі жоқ. Сондықтан емдеу әдісі әр жағдай үшін жеке анықталады. Әлемде осы ауруға шалдыққан 1000-ға жуық науқас тіркелген. Олардың бірі Қазақстанда өмір сүреді. Бұл күннің басты мақсаты – отбасыларға баланың әлеуметтік оқшаулануын жеңуге көмектесу және тәжірибе алмасу.
👥23 қазан — қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні. 102 жыл бұрын Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған алғашқы қазақ әйелі Мәншүк Мәметова (1922-1943) дүниеге келді. Ол 19 жасында майданға барды. Мұнда алдымен хатшы, кейін медбике, содан соң пулеметші болды. Ержүрек батырымыз Невель қаласын азат ету кезінде жараланып, жалғыз өзі жаудың 70 солдатын жойып, қан майданда қаза тапты. Бұл кезде ол нәбәрі 20 жаста еді. Оны еске алу үшін кітаптар жазылып, фильмдер түсірілді. Қала берді ескерткіштер орнатылып, мұражай ашылды.
Сонымен қатар бүгін ешкімге есе жібермеген UFC күрескері Шафкат Рахмонов 30 жас мерейтойын атап өтеді. Мансап жолында бұрынғы M-1 чемпионы 18 жекпе-жек өткізіп, онда мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Қазіргі уақытта ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінде 3-орында тұр. 8 желтоқсан күні күрескер Лас-Вегаста америкалық Белал Мухаммедпен әлем чемпионы атағы үшін айқасады.
Шавқатқа UFC бойынша қазақтың алғашқы әлем чемпионы болуын тілейміз!