«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 Қазан, 2023


🌱23 қазан – Халықаралық барыс күні. Бұл – Орталық Азияның биік таулы аймақтарында өмір сүретін ерекше жануар. Ол Қызыл кітапқа енгізілген. Себебі оның саны аз және жойылып кету қаупі бар. Ілбісті аулауға ол мекендейтін барлық елде тыйым салынған. Алайда ілбіс жүнінің сирек түсі мен құндылығынан ол заңсыз браконьерлердің нысаны болып отыр. Әлемдегі барысы популяциясының жалпы саны шамамен 3 мың түрді құрайды.

Сізге барыстың елімізде мекендейтіні ұнайды ма?

📚Қазан айының төртінші дүйсенбісі UNESCO бастамасымен мектеп кітапханасы күні аталып өтеді. Барлық оқушы мұнда оқу жылы басталмай тұрып келеді. Яғни, баспа сиясының хош иісін жұтып, сөмкелерін оқулықпен толтырады. Алайда кітапханалардың тәрбиелік қызметтегі маңыздылығы жоғары болса да олардың жағдайы мәз емес. Заманауи әдебиеттің жоқ болуы, ауыстыруды қажет ететін әлем классиктерінің жауһарлары, техникалық жабдықтардың нашарлығы –  қазіргі кітапханалардың басты мәселесі. Қазақстанда 6386 мектеп кітапханасы бар. Оларда қазір 7841 кітапханашы жұмыс істейді.

📣23 қазан – Кабуки синдромы туралы халықаралық хабардар ету күні. Бұл өте сирек кездесетін ауру өз атауын науқастың бет-әлпеті жапондық Кабуки театрының макияж жасалған актерінің көрінісіне тән алынған.  Бұл синдромды емдеудің арнайы жүйесі жоқ. Сондықтан емдеу әдістері әр жағдай үшін жеке анықталады. Әлемде аталмыш аурумен ауыратын 1000-ға жуық науқас тіркелген. Олардың бірі Қазақстанда тұрады. Бұл күннің басты мақсаты – отбасыларға баланың әлеуметтік оқшаулануын жеңуге көмектесу және тәжірибе алмасу.

📆23 қазан – екі қазақтың туған күні. 101 жыл бұрын Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған алғашқы қазақ әйелі Мәншүк Мәметова (1922-1943) дүниеге келді. Ол 19 жасында майданға барды. Мұнда алдымен хатшы, кейін медбике, содан соң пулеметші болды. Батырымыз Невель қаласын азат ету кезінде жараланып, жалғыз өзі жаудың 70 солдатын жойып, ержүректікпен қаза тапты. Бұл кезде ол 20 жаста еді. Оны еске алу үшін кітаптар жазылды, фильмдер түсірілді, ескерткіштер орнатылды, мұражай ашылды.

Сонымен қатар бүгін ешқашан жеңіліп көрмеген UFC күрескері Шафкат Рахмонов 29 жасқа толды. Өзінің мансабында бұрынғы M-1 чемпионы 17 жекпе-жек өткізіп, онда мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол қазір жартылай орта салмақтағы UFC ресми рейтингінде 6 – шы орында тұр. Оның келесі жекпе-жегі 16 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді.

Шафкатқа жеңіс тілейміз! Бұдан кейін болатын жекпе-жегі оның чемпион болуына әсер етеді.