«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 Наурыз, 2024


👍23 наурыз – Тазару күні. Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

🌚Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік метеорология күні аталып өтеді. 1950 жылы 23 наурызда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылды. Оның құрамына 189 мемлекет кірді. Метеорологтар – арнайы білімі бар адамдар. Бұл кәсіпке – ауа райын бақылаушылар, техниктер, ғалымдар, метеорологиялық радар операторлары және инженерлер жатады. Олардың жұмысы қажырлы еңбекті талап етеді. Өйткені уақытылы берілген ақпараттар мен нақты болжамдар адам өмірін сақтап қалуға тікелей әсер етеді.

 

Егер арамызда Қазгидромет оқырмандары болса, аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉

 

 🫂Бүгін ерлер қауымы арасындағы ынтымақтастық күні тойланады. Олардың арасындағы бауырмалдық пен мызғымас достық жасына, мүддесіне қарамастан қалыптасады. Джек Лондон, Эрих Мария Ремарк және басқа да жазушылар өз шығармаларында ерлердің ынтымақтастығын көрсетті. Алайда тек әдебиетте ғана емес, шынайы өмірде де достықтың жүгін арқалап, бір-бірінің өмірін аман алып қалған мысалдар жетіп артылады.

Сіздің ойыңызша, достыққа кімдер берік? Ерлер немесе әйелдер? 💃🕺

👌Бүгін “ОК” таңбасының пайда болған күні. Ең танымал нұсқа бойынша, бұл әлемдегі ең көп таралған аббревиатуралардың бірі. Ол 1839 жылы 23 наурызда америкалық «Morning Post» газетінде қате жазылған «all korrect» сөзінің күлкілі аббревиатурасы ретінде пайда болды. Айта кету керек, бұл белгіні күн сайын миллиондаған адам “Қалайсың?» деген сұраққа жауап беру мақсатында қолданады.

🎉 23 наурызда өмірге келген атақты ер адамдар. 114 жыл бұрын жапондық режиссер, сценарист және продюсер Акира Куросава (1910-1998) дүниеге келді. Ол – кино тарихында ең ықпалды режиссерлердің бірі. Өнер иесі үш мәрте “Оскар” сыйлығын жеңіп алды және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Оның 7 жұмысы әлемдегі ең үздік фильмдер тізіміне енді. Сонымен қатар 99 жыл бұрын қазақ химигі-металлургы Евней Бөкетов (1925-1983) өмірге келді. Ол химиядағы жаңа бағыт – халькогендер мен халькогенидтер химиясы мен технологиясының негізін салушы. Сондай-ақ 50-ден астам өнертабыстың, 10 патенттің, ғылым мен мәдениет туралы бірқатар әңгіменің авторы. 1992 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетіне Евней Бөкетовтің есімі берілді.

 

Акира Куросаваның фильмдерін көрдіңіз бе?