«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 марта, 2025


💐23 наурыз – Тазару күні. Бұл күннің басты мәні – жан мен тәнді тазарту, жаңару. Ел аумағында сенбіліктер, экологиялық акциялар өткізіліп, қоғам табиғатпен үйлесімді өмір сүру қажеттігін еске салады. Табиғат заңдарын бұзбай, оны ысырап етпей, керісінше, ұқыпты пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың міндеті

👀Бүгін ерлер қауымы арасындағы ынтымақтастық күні тойланады. Олардың арасындағы бауырмалдық пен мызғымас достық жасына әрі мүддесіне қарамастан қалыптасады. Джек Лондон, Эрих Мария Ремарк сынды жазушылар өз шығармаларында ерлер арасындағы берік достықты жырлаған. Алайда бұл құбылыс тек әдебиетте ғана емес, өмірде де жиі кездеседі: дер кезінде созылған достың қолы талай жанды құтқарып, қиын сәттерде тірек бола білген.

Сіздің ойыңызша, достыққа кімдер берік? Ерлер немесе әйелдер?


👋Бүгін “ОК” таңбасының пайда болған күні. Ең танымал нұсқа бойынша, бұл аббревиатура алғаш рет 1839 жылы 23 наурызда америкалық Morning Post газетінде жарияланған. Ол “all correct” сөзінің әдейі бұрмаланған “all korrect” нұсқасының әзіл түріндегі қысқартуы ретінде пайда болған. Айта кетерлігі, “OK” сөзінің шығу тегі туралы 40-тан астам теория бар. Бүгінде бұл сөз бүкіл әлемде келісімді білдіру немесе “қалайсың?” деген сұраққа жауап беру үшін қолданылады.


👥23 наурыз — екі атақты ер адамның туған күні. 115 жыл бұрын жапондық режиссер, сценарист және продюсер Акира Куросава (1910-1998) дүниеге келді. Ол — кино тарихында ең ықпалды режиссерлердің бірі. Өнер иесі үш мәрте “Оскар” сыйлығын жеңіп алды және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Оның 7 жұмысы әлемдегі ең үздік фильмдер тізіміне енді. Сонымен қатар 100 жыл бұрын қазақ химик-металлург, халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясы бойынша жаңа бағыттың негізін қалаушы Евней Бөкетов (1925-1983) өмірге келді. Сондай-ақ 50-ден астам өнертабыстың, 10 патенттің, ғылым мен мәдениет туралы бірқатар әңгіменің авторы. 1992 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетіне Евней Бөкетовтың есімі берілді.