«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 Наурыз, 2023


🌛 Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы басталды. Рамазан айы – ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын маусым. Нақтырақ айтсақ, бұл айда игі мұсылман қауымының бес парызының бірі – ораза ұстау басталады. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы – бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Ал оразаның парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану. Бұл айда мұсылман қауым – ораза тұтып, ғайбат, жалған сөйлеуден аулақ болып, ешкімді ренжітпеуге тырысады. Қадыр түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болады. Яғни, осы жылы 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 21 сәуір.

Сіз ораза ұстайсыз ба?🌝

🌚Бүгін – Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен – Дүниежүзілік метеорология күні аталып өтеді. 1950 жылы 23 наурыз күні Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылды. Оның құрамына 189 мемлекет кірді. Метеорологтар – арнайы білімі бар адамдар. Бұл кәсіпке – ауа райын бақылаушылар, техниктер, ғалымдар, метеорологиялық радар операторлары және инженерлер жатады. Олардың жұмысы қажырлы еңбекті талап етеді. Өйткені уақытылы берілген ақпараттар мен нақты болжамдар адам өмірін сақтап қалуға тікелей әсер етеді.

 

Егер арамызда Қазгидромет оқырмандары болса, аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉

 🫂Бүгін – ерлер қауымы арасындағы ынтымақтастық күні тойланады. Олардың арасындағы бауырмалдық пен мызғымас достық жасына, мүддесіне қарамастан қалыптасады. Джек Лондон, Эрих Мария Ремарк және басқа да жазушылар өз шығармаларында ерлердің ынтымақтастығын көрсетті. Алайда тек әдебиетте ғана емес, шынайы өмірде де достықтың жүгін арқалап, бір-бірінің өмірін аман алып қалған мысалдар жетерлік.

Сіздің ойыңызша, достыққа кімдер берік болып келеді? Ерлер немесе әйелдер? 💃🕺

🎉23 наурыз өмірге келген атақты ер адамдар. 113 жыл бұрын жапондық режиссер, сценарист және продюсер – Акира Куросава (1910-1998) дүниеге келді. Ол кино тарихындағы ең ықпалды режиссерлердің бірі болып саналады. Өнер иесі үш мәрте «Оскар»  сыйлығын жеңіп алды. Және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Оның 7 жұмысы әлемдегі ең үздік фильмдер тізіміне енді. 

98 жыл бұрын қазақ химигі-металлургы – Евней Бөкетов (1925-1983) дүниеге келді. Ол химиядағы жаңа бағыт – халькогендер мен халькогенидтер химиясы мен технологиясының негізін салушы. Сонымен қатар 50-ден астам өнертабыстың, 10 патенттің, ғылым мен мәдениет туралы бірқатар әңгіменің авторы. 1992 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетіне Евней Бөкетовтің есімі берілді.

 

Акира Куросаваның фильмдерін көрдіңіз бе?