«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 апреля, 2025


📖23 сәуірде ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аталып өтеді. Бұл күн шығармаларда авторлық құқықты сақтау мен қорғаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Сонымен қатар кітап адамзат білімін толықтырудың ең сенімді тәсілі екенін мойындайды. Мүмкіндігінше жақсы кітаптарды талғап оқуға тырысыңыз. Ал біз өз тарапымыздан сіздің дамуыңызға үлес қосатын пайдалы кітаптарды ұсынамыз. Есіңізде болсын, “Адам кітап оқуды тоқтатқанда, ойлауды да  тоқтатады”. 

 

Сізге кітапты қандай форматта оқыған ұнайды? Қағаз бетінен бе әлде электронды түрде ме? 

 

📚2004 жылы 23 сәуірде Астанада Ұлттық академиялық кітапхана құрылды. 2010 жылы аталған кітапхана Орталық Азиядағы бірінші мекеме болып кітаптарды монорельс арқылы оқу залына қоймадан бірнеше минут ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін Telelift жүйесін орнатты. Мұнда 770 мыңнан астам кітап бар. Оның қызметін жыл сайын 25 мыңнан астам оқырман пайдаланады.

 

Осы кітапханаға барып көрдіңіз бе?

 

👀23 сәуір — Түркияның Ұлттық егемендігі мен балалар күні. Түркияның азаттық соғысынан кейін Республика құрылып, 1920 жылы 23 сәуірде Анкарада Түркия Парламенті, Түркия Ұлттық Мәжілісі ұйымдастырылды. Содан бері бұл күн Ұлттық егемендік күні болып жарияланды. Ал 1927 жылдан бастап аталған күн балаларды қорғау күні ретінде де тойланып келеді. 23 сәуірде елдегі барлық шенеунікті, соның ішінде президент пен премьер-министрдің орнын балалар алмастырады.

Түріктердің арасынан таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

 

👥23 сәуір — қос тұлғаның туған күні. 107 жыл бұрын қазақ жазушысы, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов (1918-2006) дүниеге келді. Ол Партизан қозғалысының мүшесі, Екінші дүниежүзілік соғыстың ең қиын кезеңдерін, қарапайым жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген көптеген шығарманың авторы. Оның көптеген туындысы орыс, украин және басқа тілдерге де аударылған. Сонымен қатар бүгін палестиналық-голландиялық қаны бар америкалық модель Джиджи Хадид 30 жас мерейтойын атап өтеді. Ол әлем бойынша ең жоғары жалақы төленетін модельдердің бірі. Сонымен қатар 2015 жылғы Pirelli күнтізбесіне түсірілген Victoria’s Secret моделі Том Фордтың бірнеше желісінің бет-бейнесі. 2016 жылы Fashion Awards сыйлығында “Жылдың үздік халықаралық моделі” атанды. 2023 жылы ол $12 миллион табыс тапқан.