«Үйде жатпа» күнтізбесі. 23 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 23 Сәуір, 2023


📖 23 сәуір – ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аталып өтеді. Бұл күн шығармаларда авторлық құқықты сақтау мен қорғаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Сонымен қатар кітап – адамзат білімін толықтырудың ең сенімді тәсілі екенін мойындайды. Мүмкіндігінше жақсы кітаптар оқуға тырысыңыз. Ал біз өз тарапымыздан сіздің дамуыңызға үлес қосатын пайдалы кітаптарды ұсынамыз. Есіңізде болсын, «Адам кітап оқуды тоқтатқанда, ойлауды да  тоқтатады». 

 

Сізге кітапты қандай форматта оқыған ұнайды? Қағаз бетінен немесе электронды?

📚 2004 жылы 23 сәуірде Астанада Ұлттық академиялық кітапхана құрылды. 2010 жылы аталмыш кітапхана Орталық Азиядағы бірінші мекеме болып кітаптарды монорельс арқылы оқу залына қоймадан бірнеше минут ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін Telelift жүйесін орнатты. Мұнда 770 мыңнан астам кітап бар. Оның қызметін жыл сайын 25 мыңнан астам оқырман пайдаланады.

Осы кітапханаға барып көрдің бе?

🌝 Бүгін – Түркияның Ұлттық егемендігі мен балалар күні аталып өтеді. Түркияның азаттық соғысынан кейін Республика құрылып, 1920 жылы 23 сәуірде Анкарада Түркия Парламенті, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ұйымдастырылды. Содан бері бұл күн Ұлттық егемендік күні болып жарияланды. Ал 1927 жылдан бастап аталмыш күн балаларды қорғау күні ретінде де тойланып келеді. 23 сәуір елдегі барлық шенеуніктерді, соның ішінде президент пен премьер-министрдің орнын балалар алмастырады.

Түріктердің арасынан таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

💫 23 сәуір өмірге келген атақты тұлғалар. 105 жыл бұрын қазақ жазушысы, Қазақстанның Халық Қаһарманы – Қасым Қайсенов (1918-2006) дүниеге келді. Ол Партизан қозғалысының мүшесі, Екінші дүниежүзілік соғыстың ең қиын кезеңдерін, қарапайым жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген көптеген шығармалардың авторы. Оның көптеген туындысы орыс, украин және басқа тілдерге де аударылған. 

Бүгін палестиналық-голландиялық әрі американдық модель – Джиджи Хадид 28 жасқа толды. Ол әлем бойынша ең жоғары ақы төленетін модельдердің бірі. Сонымен қатар 2015 жылғы Pirelli күнтізбесіне түсірілген Victoria’s Secret моделі Том Фордтың бірнеше желісінің бет-бейнесі. Ол 2016 Fashion Awards салтанатында үздік халықаралық модель атанды. Супермодель 2022 жылғы күзгі сән көрсетілімінен түскен табысын Украинадағы зардап шеккендерге аударды.